Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +21°
$
514.94
583.74
¥
70.56
6.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мемлекетке пайдаланылмай жатқан 12,1 млн га жер қайтарылды

Мемлекет басшысы 10 млн га пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді қайтару міндетін қойған болатын

Новости Казахстана / Мемлекетке пайдаланылмай жатқан 12,1 млн га жер қайтарылды
Фото:
pexels

Соңғы 3 жылда 12,1 млн га жер мемлекеттік қорға қайтарылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов мәлімдегендей, 9,4 млн га алаңда 4 731 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Негізгі мәселелерідің бірі - жердің деградациясы. Бүгінгі таңда шамамен 30 миллион га эрозиядан және басқа да жағымсыз процестерден жер деградацияға ұшыраған. Осы бағытта жұмыс істеу үшін бірыңғай топырақ кластерлік қызметі құрылды. 205 млн гектар алқапта цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау бойынша жұмыстар аяқталды. Сонымен қатар, 2024 жылы Парламентке топырақты қорғау туралы заң жобасы жіберілді, ол жердің сапасын сақтау және оның тозуын болдырмау жөніндегі мемлекеттік саясаттың негіздерін белгілейді, - деді Мұрат Теміржанов.

Сонымен қатар, спикер үш жыл ішінде жер ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған ауқымды жұмыс атқарылғанын айтап өтті.

Заңнамалық шаралар қабылданды, топырақ және геоботаникалық зерттеулер аяқталды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптарының цифрлық дерекқоры құрылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Жердің деградациясына қарсы күрес, көміртекті шаруашылықты дамыту, инновациялық технологияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту басым міндеттер болып қала береді.

Следующая →