Өскемен
облачно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +13°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +20°
$
516.91
-1.30
586.33
-3.76
¥
70.66
-0.21
6.3
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қаңтарда 167 мыңға жуық талапкер ҰБТ тапсырмақ

Екі аптаның ішінде 79 мың талапкер қаңтар айындағы ҰБТ-ны тапсырды

Новости Казахстана / Қаңтарда 167 мыңға жуық талапкер ҰБТ тапсырмақ
Фото:
Ұлттық тестілеу орталығы

Қазіргі таңда 111 адамның нәтижесі жойылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы ақпаратына сүйеніп.

Қаңтар айындағы ҰБТ-ның екі аптасында 79 мыңнан астам адам тест тапсырды. Шекті балды 70%-ға жуық талапкер жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 65 балды құрады. Ең жоғары балл – 137, оны екі оқушы жинады, - деп мәлімдеді Ұлттық тестілеу орталығы. - Тестке қатысушылардың 76,8%-ы қазақ тілінде, 23,1%-ы орыс тілінде, 46 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Талапкерлердің басым бөлігі, 16,9%-дан "математика-физика" және "биология-химия" пәндер комбинациясын тапсырды. 10,3%-ы "шығармашылық емтихан" комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – "химия-физика", оны 105 адам тапсырған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында қаңтар ҰБТ-сына 203 талапкер қатысты.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады, бұл жағдайда сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Қазіргі таңда 111 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 70 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 41 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтар ҰБТ-сы 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 167 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.

Следующая →
Тақырыптар: Қаңтар ҰБТ 167 талапкер