ШҚО-да жүзден астам адам жұмыс орнында жарақат алған
Былтыр елде өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1408 жұмыскер зардап шегіпті

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметі бойынша оның 202-і қаза болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Республиканың өнідірістік аймақтарында жарақат алудың ең жоғары деңгейі сақталуда. Мәселен, Қарағанды облысында – 159 адам, ШҚО-да – 124 адам, Павлодар облысында – 112 адам, Абай облысында – 101 адам, Қостанай облысында – 91 адам, зардап шеккен. Сондай-ақ, Алматы қаласында 116 адам зардап шекті.
Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде – 18,3% және құрылыс саласында – 10,1%.
Жазатайым оқиғалардың орын алуының негізгі себептері: өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (35,5%); жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (31%); жол қозғалысы ережелерін бұзу (8,2%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (7,6%), - делінген комитет ақпаратында. - Қауіпсіз еңбек жағдайын жасау мен өндірістік жарақаттануды азайту ҚР Үкіметі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Соңғы бес жылдың ішінде мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау саласы бойынша қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өндірістік жарақаттану деңгейі 6,3%-ға төмендеді.