Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылығы тағы бір мәрте халықаралық деңгейде мойындалды
Қытайда өткен 2-ші халықаралық поэзиялық фильмдер фестивалінде ақынның "Іздер" өлеңі үздік ондыққа еніп, лауреат атанды

Әлемнің мықты ақындары қатысқан Бейжіңде өткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
2-ші халықаралық поэзиялық фильмдер фестиваліне құрметті қонақ ретінде шақыру алып, ашылуына құттықтау сөзімді бейнежазба арқылы жіберіп қойған едім. Фестивальге менің “Іздер” деген өлеңіме қытай режиссері түсірген бейнефильм қатысып жатыр екен, - деп жазды ақынның өзі әлемжелідегі парақшасында. - Бұл - менің өлеңдеріме жүңгөліктер түсірген екінші бейнефильм. Біріншісі - “Идиллия” деген өлеңім Қытай елінің әлеуметтік желілерін біраз шарлаған болатын. Содан кейін Сиянь қаласында өткен Халықаралық поэзия фестивалінің Ван Вэй атындағы Бас жүлдесін жеңіп алған.
Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Ұлықбек Есдәулет өзінің терең мазмұнды және көркемдік құндылығы жоғары өлеңдерімен оқырмандарын тәнті етіп келеді. Оның шығармалары ұлттық болмысты, адамзаттық құндылықтарды дәріптейді.