Өскемен
облачно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +4°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    -5°
  • Орал
    -11°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -11°
  • Шымкент
    +10°
$
502.47
525.83
¥
69.26
5.68
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады

Былтыр құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарының жалпы көлемі рекордтық көрсеткішке жетіп, 12 мың шақырым жолды құрады

Новости Казахстана / Республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады
Фото:
t.me/kolikpress

7 мың шақырым жолдың құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Атап айтқанда, Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахан күре жолдарында құрылыс жұмысы бітті. Осылайша жолдағы қауіпсіздікті арттырып, ел аймақтары арасындағы көлік байланысын айтарлықтай жақсартуға, жол жүру уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік жасалды.

Әкімдіктер жергілікті маңызы бар 3,6 мың шақырымнан астам жолды пайдалануға берді. Жөндеу жұмыстарының ең көп көлемі Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарында орындалды, - деп хабарлады ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі. - Қостанай облысында 655 шақырым жол, Солтүстік Қазақстан облысында 611 шақырым, Шығыс Қазақстан облысында 305 шақырым, Ақтөбе облысында 301 шақырым, Павлодар облысында 272 шақырым жұмыстары аяқталды.

Жол-құрылыс маусымына 200-ден астам отандық компания қатысты. Жол-құрылысына пайдаланылған материалдардың ішінде отандық өнімнің үлесі шамамен 96%-ды құрады.

Үш ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында Орталық Азиядағы ең ұзын деп танылған Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір, Түркістан облысындағы Шақпақ баба асуындағы қос жолды тоннел жәнеАлматы облысындағы Шамалған станциясындағы теміржол өткелі бар.

Әр нысанның өз артықшылығы бар. Шығыс Қазақстан облысындағы жалпы ұзындығы 1316 метрді құрайтын Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір жеті ауданды байланыстырады. Көпірді көлікпен өту уақыты 4 минутты құрайды.Түркістан облысындағы жалпы ұзындығы 840 метр құрайтын Шақпақ баба асуы арқылы тоннел қолайсыз ауа райына қарамастан үздіксіз әрі қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз етеді. Жоба "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі. Алматы облысындағы Шамалған станциясындағы өткелдің ұзындығы 6 шақырымды құрайды, теміржол өткелі көліктердіңқауіпсіз өтуіне мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді министрлік.

2024 жылғы құрылыс маусымының қорытындысы бойынша Балқаш, Алакөл, Бөкей-Орда, Алтай, Баянауыл ұлттық паркі және т.б. туристік орындарға дейін көлік қозғалысы ашылды.

Қазақстанда жалпы ұзындығы 1100 шақырымды құрайтын үш ірі темір жол құрылысы жүзеге асырылуда: "Достық – Мойынты", "Алматы айналма темір жолы" және "Дарбаза – Мақтаарал" бар. Жобаларды жүзеге асыру қазақстандық өнімнің үздіксіз экспортты кеңейтуге мүмкіндік беріп, елдің транзиттік әлеуетін арттырады. Биыл Достықтан Мойынтыға дейін теміржолдың құрылысы аяқталады. Учаскенің өткізу қабілеті 5 есе артады. Сонымен қатар, биыл Алматыны айналып өтуге мүмкіндік беретін темір жолдың құрылысы аяқталады. Бұл аймақтағы теміржол желілеріне түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді. "Дарбаза-Мақтаарал" жобасы Оңтүстік Қазақстан өңірін халықаралық транзиттік дәліздерге жалғайтын болады.

2024 жылы 1400 шақырым теміржол жөнделіп, 143 вагон сатып алынды.

Жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырымды құрайтын жаңа жол жобалар кезең-кезеңімен іске асырылады. Оның 3,7 мың шақырымы I санатты, ал қалған 1 мың шақырымы II санатты жолдар болады.

2025 жылы құрылысы басталатын жобалар:

  • "Ақтөбе – Ұлғайсын" (234 шақырым),
  • "Қарағанды – Жезқазған" (572 шақырым),
  • "Сарыағаш қаласының айналма жолы" (102 шақырым),
  • "Қызылорда қаласының айналма жолы" (20 шақырым),
  • "Атырау – Доссор" (86 шақырым),
  • "Рудный қаласының айналма жолы" (16,9 шақырым),
  • "Жаңаөзен – Кендірлі" (156 шақырым),
  • "Петропавл қаласының айналма жолы" (8 шақырым).
Следующая →