Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    -2°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +18°
$
487.37
532.94
¥
68.96
5.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
ktk.kz

Америкада жүрген Назарбаев сыншыларға жауап берді

АҚШ-та іссапармен жүрген Елбасы басқа да бірқатар мәлімдемелер жасады, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты».

Новости Казахстана / Америкада жүрген Назарбаев сыншыларға жауап берді
Фото:
alashinform.kz
Қазір күллі әлемнің назары Вашингтонда. Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит өтіп жатқан АҚШ астанасына Ұлыбритания, Жапон премьерлері , Қытай төрағасынан соң алғашқы лекпен Қазақстан президенті келді. Семей полигонын жапқан Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудың жер-жаһанға төнетін қаупі туралы талайдан бері айтып жүр. Сондықтан Елбасы төрде, АҚШ президенті Барак Обаманың оң жағына жайғасыпты. Атом бомбасы бар державаларға отпен ойнамауға кеңес берген ресми Астана өндірген шикі уранын Батыстың электр станцияларына жеткізуге дайын екенін мәлімдеді. Мұның алдында президент Американың қоғам және саяси қайраткерлерімен кездескен болатын. Өткір сұрақтардың бірінде Назарбаев өзін «диктатор» деп сынаушыларға ашық жауап берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Мен бұл қызметте көптен бері отырмын. Мені үнемі небір күнәларға батырып кінәлайды да жатады. «Автократ» не «диктатор» деп айтып жатады. Мен бұған былай жауап берем: « 5 жыл сайын ашық сайлауда халық мені жақтап дауыс береді. Және ол ешқашан 80 пайыздан кем болып көрген емес». Енді олай деуге қалай болады?
Следующая →