Өскемен – Семей тас жолындағы жол-көлік оқиғасы үш адамның жанын алды
Үш адамның өмірін алған апаттық оқиға 2 сәуір күні сағат 16.00 шамасында Өскемен – Семей тас жолының 178 шақырымында орын алды
Фото:
tvc.ru
– «Мазда-626» мен «Рено Дастер» жеңіл көліктерінің соқтығысы нәтижесінде «Рено Дастер» көлігінің жолаушысы мен «Мазда» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал «Мазда» көлігінде отырған жолаушы әйел ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Қалған жолаушылар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Тергеу барысында «Мазда» көлігінің жүргізуші қарсы жолға шығып кетуінің себебі, көлігінің алдыңғы сол жақ дөңгелегінің «шар тәрізді клапанының» ашылып кетуінен болған екен.
Осы жағдайға қатысы ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабының 4 бөліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу амалдары жүргізілуде.
Тақырыптар:
ДТП в ВКО