“Алматы-Өскемен” автожолының учаскесінде жол-көлік оқиғасы орын алды
15-ші қаңтар сағат 07:30 шамасында “Алматы-Өскемен” автожолының 28 шақырым учаскесінде “Алматы-Қонаев” бағытында 18 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды
"ҚазАвтоЖолдың" хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы қалың тұман кесірінен болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Алдын ала мәліметтер бойынша жүргізушілер тұман кезінде жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтамауынан аталмыш оқиға орын алған.
Оқиға болған жол учаскесі ІА техникалық санатқа жатады, 6 жолақты. Жолдың жүру бөлігі құрғақ, ақаусыз және бөгде заттар болмаған. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қосымша мәліметтер анықталуда, -деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі.
Қазір "Алматы-Өскемен" автожолының учаскесінде қозғалыс ашық. Жол-көлік оқиғасынан кейін жол қызметі жолдың бойын тазалап өткен.