Өскемен
малооблачно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +6°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -4°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    -3°
$
522.63
-2.03
548.66
-1.55
¥
71.74
-0.28
5.07
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

2024 жыл Қазақстан үшін энергетика саласын дамытудағы маңызды кезеңі болды

Биыл еліміздің жылу энергетикасына, жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) және электр энергетикасына айтарлықтай әсер еткен бірнеше маңызды келісім мен заңдарға қол қойылды

Новости Казахстана / 2024 жыл Қазақстан үшін энергетика саласын дамытудағы маңызды кезеңі болды
Фото:
pexels

Энергетика министрлігінің "Жылу-электр энергетикасын дамыту" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 2024 жылы республикалық бюджеттен 14 жобаны іске асыруға, 52,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі ҚР Үкіметі ақпаратына сүйеніп.

Оның ішінде 6 жоба жылумен қамтуға, 8 жоба электрмен жабдықтауға қатысты. Қазіргі уақытта осы жобалардың екеуі – "Ақжайық" ЕТЖК және Орал қаласының ГТС-54 аудандарындағы 110/10 кВ қосалқы стансалары пайдалануға берілді, бұл өңірді энергиямен қамту сенімділігін едәуір арттырды.

Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуды ынталандыру үшін Қазақстан қайтарымды инвестициялардың жылдық лимитін 32 млрд теңгеден 428 млрд теңгеге дейін ұлғайтты. Бұл жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін негізгі жабдықтарды жаңғырту, реконструкциялау және кеңейту жөніндегі жобалар пулын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді, - делінген ҚР Үкіметі ұсынған ақпаратта. - Қазіргі уақытта инвестициялық келісімдер шеңберінде жалпы қуаты 2,48 ГВт болатын 19 келісім қолданыста, оның ішінде қайтарымды инвестициялар лимиті ұлғайғаннан кейін 13 келісім (жиынтық қуаты 1,4 ГВт) жасалды. Бұл еліміздің энергия жүйесінің қуатын едәуір арттыруға және оның тұрақтылығын жақсартуға мүмкіндік береді.

2024 жылы Жүйелік оператор ірі энергетикалық нысандарда бірқатар күрделі жөндеу жұмысын жоспарлады. Жөндеу бағдарламасы аясында электр стансаларында 10 энергия блокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Бүгінгі таңда 9 энергия блокта, 53 қазандықта және 39 турбинада жұмыс аяқталды. 1 энергия блогында, 2 қазандықта және 6 турбинада жұмыс түрлі аяқталу сатысында.

2024 жылғы 8 шілдеде Мемлекет басшысы жылумен жабдықтау саласында жинақталған кешенді проблемаларды шешуге бағытталған "Жылу энергетикасы туралы" жаңа салалық Заңға қол қойды. Заң жылу жүйесі мен жылу энергетикасы объектілері жұмысының тиімділігін арттыруға, халық үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және жылумен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз етуге арналған. Заң шеңберінде инфрақұрылымды жаңғырту және салаға инвестициялар тарту жөніндегі шаралар да көзделген.

Халықаралық әріптестермен ынтымақтастық Қазақстанның экологиялық орнықты энергетика жолындағы ұстанымын нығайтты. 7 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасында 1 ГВт жел электр стансасының жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Бұл жоба Жетісу облысында іске асырылады, инвестор халықаралық компания – Acwa Power, - деп еске салды ҚР Үкіметі.

2024 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Qazaq Wind Power" ЖШС арасында Жамбыл облысында жел электр стансасының жобасын іске асыру туралы тағы бір маңызды келісімге қол қойылды. Жобаның негізгі инвесторы – Masdar компаниясы, ал ЖЭС қуаты 1 ГВт құрайды. Бұл келісім Қазақстанның ЖЭК дамыту және көміртегі шығарындыларын азайту жөніндегі стратегиялық бағдарламасының бір бөлігіне айналды. Сондай-ақ қараша айында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірқатар жобаларды іске асыру туралы келісімге қол қойылды. Келісім шеңберінде жалпы қуаты 1,8 ГВт жел және күн электр стансаларын салу жоспарлануда, бұл еліміздегі энергия көздерін әртараптандыру үшін маңызды қадам болмақ. ЖЭК объектілерін салу Қазақстанның энергетикалық теңгеріміндегі жасыл технологиялардың рөлін нығайтудағы негізгі кезең болады, бұл еліміздің орнықты дамуына және көміртегі ізін төмендетуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Катардың қатысуымен жобаларды белсенді дамытуда. 20 наурызда Қызылорда облысында қуаты 1,1 ГВт бу-газ қондырғысы мен Абай облысында қуаты шамамен 350 МВт су электр стансасының құрылысын қосқанда, бірлескен жобаларды іске асыру туралы Катар мемлекетімен үкіметаралық келісімге қол қойылды. 17 сәуірде Ресей Федерациясымен тағы бір Үкіметаралық келісімге қол қойылды, ол Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жиынтық қуаты шамамен 1 ГВт болатын үш жылу электр орталығын салу жөніндегі жобаларды іске асыруды көздейді. Бұл ЖЭО еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін жақсарта отырып, Қазақстанның түрлі өңірлерінде сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Следующая →