ШҚО-да ата-ана баласын мұз үстінде қараусыз қалдырған
ШҚО ТЖД құтқарушылары мұздағы қауіпсіздік шараларын мұқият сақтауды ескертеді
Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 13 балықшы және баласын қараусыз қалдырған ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі.
Өңірде сыртқы ауа температурасы құбылмалы. Барлық жерде әлі мұз қалың қатып үлгерген жоқ. ШҚО құтқарушылары су айдындарындағы рейдтік шараларды жалғастыруда. Қыс мезгілінің басынан бастап 300-ден астам рейдт жүргізіп, балықшыларға мұз үстіндегі қауіпсіздік қағидалары түсіндірілді.
Өңірде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 412-бабын бұзғаны үшін 13 балықшы және қауіпті аймақта баланы қараусыз қалдырған ата-ана жауапқа тартылды.
Азаматтардан мұз үстінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Құтқару кеудешелерін кию міндетті. Ата-аналар балаларына мұз үстінде ойнауға болмайтынын түсіндіруі керек, - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.
ШҚО ТЖД еске салады:
- Мұз үстіндегі шектеулі аумаққа көп балықшы жиналып, көп тесік тесуге болмайды
- Тиісті құтқару құралдары болуы (ысқырық, жилет, құтқару арқан және т.б.) керек
- Балық аулауға шығарда ауа райын нақтылап, өзіңіздің кетіп бара жатқаныңыз туралы жақындарыңызға ескертіңіз
- Өзіңізбен бірге қуаты толық ұялы телефон болуы қажет
- Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, "112" нөміріне хабарласыңыз