Өскемен
пасмурно
-2°
  • Өскемен
    -2°
  • Алматы
    -4°
  • Астана
    -2°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -4°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    -2°
$
525.11
546.74
¥
71.94
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл мемлекеттік бюджеттің жартысынан астамы әлеуметтік салаға бағытталды

Президент "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің экономикалық даму стратегиясының негізінде азаматтардың мүддесі болуы қажет екенін атап өтті

Новости Казахстана / Биыл мемлекеттік бюджеттің жартысынан астамы әлеуметтік салаға бағытталды
Фото:
Устинка LIVE

2024 жылы Үкімет бұл бағытты маңызды әлеуметтік бастамалармен жүзеге асыруды жалғастырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мәселен, жыл сайын зейнетақыны көтеру аясында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлемдер: базалық зейнетақы 7%-ға, ынтымақты зейнетақы 9%-ға инфляцияны ескере отырып, индекстелді. Нәтижесінде 2,4 млн зейнеткердің оның ішінде, БЖЗҚ жинақтау қорынан зейнетақы алатын 459,3 мың зейнеткердің зейнетақысы көбейді. Орташа зейнетақы көлемі 165 мың теңгеден асты. Бұдан бөлек, базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен көбейту жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарнасы 2028 жылға қарай 5%-ға ұлғаяды.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге дейін артты. 1,8 млн адам, оның ішінде бюджет қызметкерлері қамтылды. 600 мың азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын кезең-кезеңімен 20%-ға арттыру жалғасуда, - деп еске салды Үкіметтің баспасөз қызметі. - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау шаралары жүзеге асырылып жатыр, табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар саны азайып келеді. Цифрлық отбасы картасы арқылы 8430 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтер көрсетілді. 845 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, оның 401 мыңнан астамы жастар. 9 мыңға жуық азамат, оның ішінде мүгедектігі бар жандар және ерекше қажеттілігі бар балалы ата-аналар бизнес-идеясын жүзеге асыруға грант алды.

Мемлекеттік инвестициялар тиімділігін арттыру және сапалы жоспарлау үшін Жобалардың инновациялық навигаторы әзірленді. Бұл жүйе кадрларға қажеттілікті болжап, талдау жасайды, сондай-ақ жобаларды үйлестіруге, сапасын бақылауға және тиімділігіне мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Платформа арқылы жалпы құны 33 трлн теңге болатын 755 инвестициялық жоба қадағаланып отыр. Бұл жобалар аясында 150 мыңға дейін жұмыс орнын ашу жоспарланған. Сонымен қатар, навигатор қажетті еңбек ресурстары жоқ адал емес жеткізушілерді анықтауға мүмкіндік береді.

2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда интернет-платформаларда жұмыс істейтін адамдар ең төменгі әлеуметтік кепілдікпен қамтылды. Жеке кәсіпкерлер үшін e-salyqBusiness қосымшасы арқылы әлеуметтік төлем мөлшерлемелерін 4%-ға дейін төмендету және интернет-платформа операторларын салық агенттері ретінде тану арқылы жағдайлар жеңілдетілді. Бұл операторларға жеке кәсіпкерлер атынан жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді төлеу міндетін жүктейді. "Яндекс.Такси" компаниясымен жүзеге асырылған пилоттық жоба аясында аталған тәсіл сынақтан өткізілді. 36 мыңнан астам жүргізуші Яндекс платформасында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Олардың фискалдық чектер саны 36,9 млн болды. Мемлекеттік кірістер комитетінде фискализацияланған жалпы кіріс көлемі 47,5 млрд теңгеге жетті, - деп мәлімдеді Үкімет.

Следующая →