Өскемен
ясно
-20°
  • Өскемен
    -20°
  • Алматы
    -12°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    -6°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    -5°
$
524.66
+2.17
550.21
+2.33
¥
72.02
+0.20
5.09
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандықтар енді өзін құмар ойындардан 10 жылға дейін шектей алады

Осыған дейін азаматтар өзін құмар ойындардан 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге шектей алатын

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Қазақстандықтар енді өзін құмар ойындардан 10 жылға дейін шектей алады
Фото:
pixabay

Енді бұл мерзім 10 жылға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР туризм және министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызметті eGov mobile қосымшасы арқылы пайдалануға болады. Аталған қызмет өтінімдерді өңдеу уақытын қысқартуға және өзін құмар ойындардан шектеу жүйесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл кез келген азаматқа барлық лицензияланған ойын алаңдары мен онлайн букмекерлік платформаларға кіруді шектеуге мүмкіндік береді. Қызмет тек 21 жастан асқан адамдар үшін қолжетімді екенін атап өткен жөн, - деп хабарлайды ҚР туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Қызметті пайдалану үшін мынадай қадамдар жасау қажет:

  • eGov mobile қосымшасына кіріп, "Қызметтер" → "Спорт" бөлімін таңдаңыз;
  • "Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектеу қою" қызметін таңдаңыз;
  • Шектеудің аяқталу жылын және айын көрсетіп, "Қызметке тапсырыс беру" батырмасын басыңыз;
  • Өтінішке Face ID/Touch ID арқылы қол қойыңыз.

Өтініш бергеннен кейін қолданушы құмар ойындарға қатысуға шектеу қойылған тұлғалар тізіміне автоматты түрде енгізіледі және өтініш кері қайтарылмайды. Айта кетейік, елімізде бүгінге дейін 173 868 адам өзін құмар ойындардан шектеген.

Следующая →