ШҚО-да мамандандырылған ХККО-ның бұрынғы басшысы сотталды
"Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ филиалының Өскемен қаласындағы мамандандырылған бөлімінің бұрынғы басшысының 3 жылға бас бостандығы шектелді
ҚМА ШҚО бойынша департаменті "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ филиалының Өскемен қаласындағы мамандандырылған бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
2023 жылдың ақпан мен қазан айлары аралығында күдіктінің жүргізуші куәлігін алу үшін жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық емтихан тапсырған азаматтардан заңсыз сыйақы алу схемасын ұйымдастырғаны анықталған.
Тергеу барысында күдіктінің банктегі жеке шотына мобильді қосымша арқылы сыйақы түскені белгілі болған. Мұндай кірістер құқық қорғау органдарында күдік тудыруы мүмкін екенін түсініп, қылмысты жасыру мақсатында күдікті сол банктегі шоттары арасында бірнеше рет аударымдар жасаған.
Бұдан басқа параллельді қаржылық тергеу шеңберінде қылмыстық жолмен келген қаражатқа күдіктінің Өскемен қаласында екі бөлмелі пәтер сатып алынғаны және оны жасыру мақсатында анасының атына ресімдегені анықталды. Кейін бұл пәтер тәуліктеп жалға беріліп, 1,2 млн теңгеден астам қосымша қылмыстық табыс әкелген. Сонымен қатар, тәркілеуге жол бермеу мақсатында күдікті сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаннан кейін аталған пәтерді сатып алу-сату шарттары бойынша үшінші тұлғаларға тіркеген, - деп хабарлайды Қаржы мониторинг агентігі.
"Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ филиалының Өскемен қаласындағы мамандандырылған бөлімінің бұрынғы басшысы сот үкімімен кінәлі деп танылды. Қылмыстық жолмен алынған 19,5 млн теңге болатын Өскемен қаласындағы екі бөлмелі пәтер тәркіленіп, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.