Өскемен
Бұлтты
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Семей
    -8°
  • Алматы
    -5°
  • Риддер
    -10°
  • Астана
    -2°
  • Ақтөбе
    -1°
  • Ақтау
    +1°
  • Атырау
    -1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    -1°
  • Павлодар
    -3°
  • Петропавловск
  • Тараз
    -4°
  • Түркістан
    +2°
  • Орал
    -4°
  • Шымкент
    -2°
$
491.29
-0.39
562.92
-5.31
¥
71.25
-0.32
6.1
-0.10
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Х Азия – Тынық мұхиты ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы қатысады

Малайзия астанасы Куала-Лумпурда Х Азия - Тынық мұхиты ойындарының ашылу салтанаты өтті

Новости Казахстана / Х Азия – Тынық мұхиты ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы қатысады
Фото:
ҚР Туризм және спорт министрлігінен

Спорттық жарысқа әлемнің 24 елінен 1300-ге жуық есту қабілеті зақымдалған спортшылар қатысып жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Спорт және туризм министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Олар спорттың 10 түрінен: жеңіл атлетика, таэквондо, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, үстел теннисі, бадминтон, шахмат, боулинг және футболдан өзара мықтыны анықтайды.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасынан 80 спортшы өнер көрсетеді. Жерлестеріміз 8 спорт түрінен сынға түсуде. Олар жеңіл атлетика, таэквондо, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі, бадминтон, шахмат және үстел теннисі.

Қазақстан құрамасы Азия – Тынық мұхиты ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Спортшыларымыз Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ыстықкөл және Бішкекте оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жарысқа тыңғылықты дайындықпен келді. Енді олардан жоғары нәтиже күтеміз. Спортшыларымыздың табысты өнер көрсетіп, ел намысын лайықты қорғайтынына сенімдімін, - деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы спорт басқармасының басшысы Қайратбек Сейтбеков.


Следующая →