Қазақ қызы алғаш рет Антарктиданы жүзіп өтті
Орал қаласының тумасы Әнел Сытдықова Қазақстанның триатлондағы алғашқы "Темір ханымы" және алғашқы Ironman (Айронмен) және Ultraman (Ультрамен) атанған әйел
Әнел Сытдықова ағымдағы жылдың 12 қарашасында Антарктиданы жүзіп өтті, деп хабарлай Устинка LIVE тілшісі.
Әнел Сытдықова 750 метр қашықтықты 18 минут 58 секундта жүзіп өткен. Судың температурасы -1,4 градусты, желдің жылдамдығы 35 км/сағ көрсеткен.
Сондай-ақ 2019 жылы Әнел Ла-Маншты жүзіп өткен алғашқы және әзірге жалғыз Қазақстандық әйел атанған екен. Ол Англиядан Францияға дейінгі 38 шақырым қашықтықты 15 сағат 15 минут ішінде (тоқтаусыз және гидрокостюмсіз) жүзіп өткен.