Өскемен
пасмурно
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Алматы
    -3°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -12°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    -8°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -2°
$
521.81
+6.56
543.67
+7.76
¥
71.49
+0.89
5.05
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Степное ауылының тұрғындары таза ауызсумен қамтылмақ

Глубокое ауданындағы Степное ауылының жарты ғасырда тозығы жеткен су құбырларын жаңарту жұмыстары басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Глубокое (Глубоковский р-он) / Степное ауылының тұрғындары таза ауызсумен қамтылмақ
Фото:
ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы

Алдағы жылдары 829 ауыл тұрғыны таза ауызсумен қамтамасыз етілмек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Степное ауылындағы су құбыры 1974 жылы салынған. Содан бері жөндеу көрмеген су құбырларының әбден тозығы жеткен.

2022 жылы ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында «VK ETNA№» ЖШС жалпы құны 808,820 млн теңгені құрайтын Степное ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта құру бойынша жоба әзірленді, - деп мәлімдеді ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы. - Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес бірінші және екінші көтергіш сорғы станцияларын, су құбыры және су жинау құрылыстарының алаңын, сыйымдылығы 100 м3 екі таза су резервуарын салу, 71 кВт КТПН трансформаторлық қосалқы станциясын орнату көзделген.

Жоба бойынша жаңартылатын желілердің жалпы ұзындығы 16,99 километрді құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін «Альянс XXI» ЖШС-мен келісімшарт жасалған.

Жобаны 2023 жылы басталған, ағымдағы жылы жобаны аяқтауға 441,96 млн теңге бөлініпті.

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінен бастап мердігер ұйым жұмысқа кірісті және қазіргі уақытта сумен жабдықтау жүйесін қайта құру бойынша жұмыстар толық көлемде орындалды, пайдалануға беру актісі дайындалуда, - деліген ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы ақпаратында. - Степное ауылының 829 тұрғынына сапалы ауызсу берілетін болады.


Следующая →