Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Түркістанда құқықтық және қаржылық сауаттылық бойынша ауқымды форум өтті

Форумға 500 мыңнан астам адам, оның ішінде мәдениет, спорт, ғылым, мемлекеттік қызметкерлер, дін қызметкерлері, бизнес, қоғамдық ұйымдар, мектеп оқушылары мен студенттер қатысты

Новости Казахстана / Түркістанда құқықтық және қаржылық сауаттылық бойынша ауқымды форум өтті

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Қаржылық мониторинг агенттігі "AML ACADEMY" академиясының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында ауқымды форум өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Оқушылар мен студенттерге арналған панельдік сессиялар, қызу пікірталастар, интеллектуалдық викториналар мен қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Жас ұрпақтың бойында құқық тәртібі мен заңды құрметтеу мәдениетін тәрбиелеуге арналған "үлкен үзіліс" кезінде студенттер дайындаған флешмобқа ерекше назар аударылды. Сонымен қатар кәсіби психологтар жеке тұлғаның дамуы мен құмар ойындарға тәуелділік иммунитетін қалыптастыруға арналған тренингтер мен дәрістер өткізсе, шығармашылық театр ұжымдары алғаш рет ойынға тәуелділікке қарсы тұру тақырыбында қойылым ұсынды, - деп хабарлайды ҚР Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Форум білім алмасуды жеңілдетіп, топтық өзара қарым-қатынас жасауды нығайтып, экономикалық және қаржылық қауіпсіздікті сақтау мәселелеріне жастарды тартуды арттырды.

Мұндай іс-шаралар қаржылық сауаттылықты арттыру, жастар арасында құқықтық мәдениетті насихаттау, қаржылық пирамидалар мен құмар ойындардың алдын алу, есірткінің, есірткі бизнесінің таралуына қарсы тұру бағытталады.

Следующая →