Қазақ фильмі Франция фестивалінде жүлдеге ие болды
"Бауырына салу" фильмі Франциядағы Cinema Heritage фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды
Ұйымдастырушылар кинотуындыны жоғары бағалап, фильмді ЮНЕСКО-дағы басым бағыт саналатын мәдени әралуандықты насихаттауда мәні зор туынды деп тапқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жыл сайын Cinema Heritage фестивалі әлемдік киноиндустрияның майталман өкілдерін жинап, үздіктерді анықтайды. Осы маңызды шарада қазақстандық фильмнің еленуі қазақстандық кино өндірісінің деңгейі мен әлемдік кинематографиядағы орнын көрсетеді.
Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен "Ұлттық киноны қолдау орталығының" қолдауымен түсірілген. Айта кетейік, режиссер Асхат Кучинчереков түсірген "Бауырына салу" фильмі еліміздің атын халықаралық аренада таныстыру үшін "Оскар" комитетіне ұсынылды, - деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.