Тарбағатай ауданында терроризмге қарсы жаттығулар жүріп жатыр
Бүгін, 12 қараша, Ақжар ауылында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілуде
Осыған байланысты бірқатар шектеу шаралары болуы мүмкін, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Оқу-жаттығу шаралары барысында терроризм тұрғысынан осал объектілерде терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады, - деп ескертті Тарбағатай ауданының терроризмге қарсы жедел штабы. - Сонымен қатар, бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған.
Ақжар ауылының тұрғындарынан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтау ескертілді.