Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -4°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +1°
$
493.85
+1.68
519.04
-3.35
¥
68.16
-0.11
4.97
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күн суықта да асфальт төсеуге мүмкіндік беретін технология әзірленуде

Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары республикалық маңызы бар автожолдарда ауа температурасы -10 градуста асфальт төсеуге мүмкіндік беретін арнайы технологияны сынақтан өткізуде

Новости Казахстана / Күн суықта да асфальт төсеуге мүмкіндік беретін технология әзірленуде
Фото:
t.me/kolikpress

Арнайы қоспа күн райы суыған кезде де жол құрылысы жұмыстарын жалғастыруға септігін тигізбек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Көлік министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Бұл әсіресе құрылыс маусымы 3-4 айға ғана созылатын еліміздің солтүстік өңірлері үшін маңызды.

Жол құрылысы стандарттары бойынша, асфальт-бетон қоспасының температурасы жол салу кезінде кемінде 125-130 градус болуы керек, ал асфальт тек +5 градустан жоғары ауа температурасында ғана төселуі тиіс. Алайда ғалымдар қоспаны 90 градус температурада дайындап, оны -10 градусқа дейінгі температурада төсеуге мүмкіндік беретін кешенді қоспаны ойлап тапты, - деп мәлімдеді министрліктегілер. - Қоспаны қолдану барысында жол жамылғысының барлық физика-механикалық қасиеттері сақталады, асфальтты дайындау және тығыздау кезеңдерінде энергия шығыны едәуір азайып, қоршаған ортаға тиетін теріс әсер көрсеткіші төмендейді. Институт мамандары кешенді қоспа битум мен минералды материалдар арасындағы байланысты күшейтетініне де назар аударуда.

Арнайы қоспанының зертханалық сынақтары алдымен Алматыдағы ҚазжолҒЗИ-дың лабораториясында жүргізілген. Зертханалық сынақ нәтижесі жаңа қоспа қатал климаттық жағдайда жолдың мерзімінен бұрын тозуын болдырмайтынын көрсетіпті.

Технология республикалық маңызы бар Күрті-Бұрылбайтал жолында сынақтан өтуде. Егер сынақ сәтті өтсе, бұл технология жол құрылысы маусымын ұзартып, энергия ресурстарына кететін шығынды қысқартып, асфальт-бетонды қыздыруға байланысты көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға мүмкіндік бермек.

Следующая →