Өскемен
пасмурно
-5°
  • Өскемен
    -5°
  • Алматы
    -3°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +4°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -3°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    -2°
$
495.95
+2.10
524.37
+5.33
¥
68.62
+0.46
4.98
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Халықаралық бағыттар бойынша әуе рейстерінің саны артпақ

Күз-қыс маусымында жаңа халықаралық әуе маршруттары ашылып, қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер ұлғаяды

Новости Казахстана / Халықаралық бағыттар бойынша әуе рейстерінің саны артпақ
Фото:
t.me/kolikpress

ҚР Көлік Министрлігі жаңа халықаралық маршруттарды ашу және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Күзгі-қысқы кезеңнің басынан бастап "Air Astana" әуекомпаниясы Таиландқа, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Сауд Арабиясы Корольдігіне жаңа халықаралық бағыттарды іске қосады, сондай-ақ қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын көбейтеді, - делінген министрлік ақпаратында.

  • Осылайша, әуекомпания ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап аптасына 3 рейс жиілігімен Астана – Пхукет (Таиланд) бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашты

  • Атырау – Дубай (БАӘ) бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен әуе қатынасын ашты

  • 28 қазаннан бастап Алматы – Фукуок (Вьетнам) аптасына 2 рейс жиілігімен және желтоқсаннан бастап аптасына 5 рейске дейін ұлғайтумен іске қосылды

  • 29 қазаннан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Медина (Сауд Арабиясы) бағыты бойынша әуе қатынасын іске қосты;

  • 30 қазаннан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Астана – Әбу-Даби (БАӘ) әуе қатынасын іске қосты

  • 12 желтоқсаннан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Әбу-Даби (БАӘ) бағыты бойынша әуе қатынасын іске қосады

"Air Astana " әуекомпаниясы Дубайға Алматы қаласынан (аптасына 7 – ден 11-ге дейін) және Астана қаласынан (7-ден 9-ға дейін), Астана-Сеул бағыты бойынша (2-ден 3-ке дейін) рейстер санын көбейтуде.

Жаңа авиамаршруттардың ашылуы, сондай-ақ қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санының артуы жолаушыларға қысқы кезеңде, сондай-ақ жаңа жылдық каникул кезінде демалысты жоспарлау үшін көбірек мүмкіндіктер береді.

Следующая →