Темекіні көкөністердің ішіне жасырып, заңсыз шығармақ болған
Шекара қызметкерлері 71 мыңнан астам қорап темекі тәркіледі
Тәркіленген тауардың құны шамамен 50 млн теңге, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
28 қазанда "Жайсан" автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК ШҚ Ақтөбе облысы бойынша департаменті заңсыз шығарылмақ болған ірі темекі партиясын тәркіледі, - деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. - 71 мыңнан астам қорап темекі өнімдерін көкөніс өнімдері салынған жәшіктердің астына жасырып, ілеспе құжаттарсыз Қазақстаннан шығаруға әрекеттенген.
Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны шамамен 50 млн теңгені құрайды.
Ұсталған жүк әрі қарай тексеріс үшін тиісті органға берілді.