Қазақ қызы Әлем чемпионатында 4-ші рет жүлделі болды
Жәмила Бақбергенова - қазақ қыздары арасынан 4 мәрте жүлде алған алғашқы балуан

Күрес түрлерінен Тиранада (Албания) өтіп жатқан Олимпиада бағдарламасына кірмейтін Әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР ТСМ Спорт және Дене шынықтыру істері комитеті ақпаратына сүйеніп.
72 келіде сынға түскен жерлесіміз финалдық белдесуде бірнеше күн бұрын ғана 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 68 келіде ең үздік атанған Ами Ишиден (Жапония) есе жіберді.
Айта кетейік, 28 жастағы жерлесіміз 2021 жылдан бері әлем чемпионатынан құр қол қайтпаған.