Өскемен
облачно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +11°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +4°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +10°
$
484.19
+2.51
524.28
+1.80
¥
68
+0.28
5.03
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ішкі көші-қон мен қандастарды қоныстандыру қағидалары өзгереді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды еңбек күші артық өңірлерден еңбек күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару мәселелерін реттеу саласындағы қолданыстағы НҚА-ға түзетулер топтамасын әзірледі

Новости Казахстана / Ішкі көші-қон мен қандастарды қоныстандыру қағидалары өзгереді
Фото:
pexels.com

Аталған түзетулер топтамасы анықталған проблемалық мәселелер мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ұсынымдарын ескере отырып әзірленді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұйрық жобасы жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында 2024 жылғы 5 қарашаға дейін орналастырылды.

Мынадай өзгерістер көзделеді:

1) мансап орталықтар қызметкерлерінің қоныс аударушы немесе қандас ұсынған құжаттарды, экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді пайдалана отырып сатып алынатын жылжымайтын мүлік объектісі бойынша мәліметтерді олардың толықтығы мен дұрыстығы тұрғысынан, толық және мұқият қарау үшін мәміле объектісіне бару жолымен салыстырып тексеруді жүзеге асыруы;

2) сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнын бағалау нәтижелеріне шағымдану бойынша еңбек мобильділігі орталықтарының құқығын кеңейту;

3) қоныс аударушының немесе қандастың бұдан бұрын экономикалық мобильділік сертификаты арқылы сатып алынған тұрғын үйді сатып алу ниеті болған жағдайда экономикалық мобильділік сертификатын беруден бас тарту бойынша қосымша негізді бекіту;

4) қоныс аударушылардың қоныстану аумағынан тыс жерлерде еңбек қызметін жүзеге асыру құқығын алып тастауын қоздейді.

Сонымен қатар, қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу және ерікті қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді

2025 жылғы наурыздан бастап автоматтандыру жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. Осылайша, көрсетілетін қызметті алушылардың мансап орталықтардың қызметкерлерімен байланысы жойылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Осы мемлекеттік қызмет түрлерін цифрландыру қоныс аударуға қатысушылар мен еңбек мобильділігі орталықтары арасындағы шарттық міндеттемелердің орындалуына нақты мониторингті қамтамасыз етеді.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.

Құжатпен толығырақ "Ашық НҚА" порталында сілтеме бойынша танысуға болады.

Следующая →