Өскемен
малооблачно
+26°
  • Өскемен
    +26°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +34°
$
523.46
+1.89
600.04
-0.97
¥
72.83
+0.19
6.69
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Астана қаласында ШҚО-ның ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі 19-20 қазанға жоспарланған

Новости Казахстана / Астана қаласында ШҚО-ның ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Фото:
Устинка LIVE

Жәрмеңкеде ШҚО-ның 11 ауданынан өнімдер ұсынылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

19-20 қазанда Астана қаласында Қарқаралы, 1 мекенжайындағы ипподром аумағында ШҚО-ның 11 ауданы, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қатысуымен 2 күн бойы таңғы сағат 7.00-ден 18.00-ге дейін жәрмеңке өтеді.

ШҚО ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары Астана қаласының тұрғындары үшін жоғары және табиғи сапалы ауыл шаруашылығы өндірісінің экологиялық таза өнімдерін ұсынатын болады, - деп мәлімдеді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы. - Жәрмеңде 66,9 тонна бал, 2,5 тонна шұжық өнімдері, 8 тонна сүт өнімдері, 16 тонна өсімдік майы, 3 тонна ұн мен жарма, 8,5 тонна балық, 36,8 тонна ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының еті, 3 тонна қымыз және ұлттық тағамдар, 500 литр алкогольсіз сусындар және 0,8 тонна панты өнімдері ұсынылатын болады. Өнімдер нарықтық бағадан 15-20% төмен бағамен сатылады. Барлығы 323 млн теңге сомасына 146 тонна көлемінде ауыл шаруашылығы өнімі сатылады деп жоспарланған.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай сатушыларда өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болады.

Сондай-ақ, мәдениет басқармасы аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жәрмеңке өтетін күнге орай концерттік-ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастырады.

Следующая →