Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

АЭС салу бойынша референдумның қорытындысы жарияланды

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ұсынған хаттамалар негізінде бүкілхалықтық дауыс берудің қорытындыларын анықтады

Новости Казахстана / АЭС салу бойынша референдумның қорытындысы жарияланды
Фото:
election.gov.kz

Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады.

6 қазандағы Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша бүкілхалықтық дауыс беруге 7 миллион 820 мың 204 адам немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% қатысты. Осылайша, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысып, "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес референдум өткізілді деп есептеледі, - деп мәлімдеді Орталық референдум комиссиясы.

Еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың 71,12% немесе 5 миллион 561 мың 937 адам Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдап, дауыс берді.

Қазақстанда атом электр станциясын салуға қарсы дауыс берген азаматтардың саны дауыс беруге қатысқандардың ішінен 2 миллион 045 мың 271 адамды құрады.

Осылайша, "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 31, 34-баптары негізінде, референдумға шығарылған мәселе бойынша шешім қабылданды деп есептеледі, өйткені оның оң шешімін дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы қолдап дауыс берді, - делінген ақпаратта.

Следующая →