Ішімдікқұмар шығысқазақстандықтардың пәтерлерін алаяқтар иемденіп алған
Анықталғандай барлығы 60 млн теңгенің мүлкін заңсыз иемденген
4 адамнан тұратын алаяқ риелторлардың құрамында нотариус та болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тінту іс шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер әртүрлі жылжымайтын мүлік объектілерінің құжаттары, жеке тұлғалардың дербес деректерін, сондай-ақ іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркілеген, - деп хабарлады ШҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы. - Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 60 млн. теңгеден асады.
Полицияға барлығы төрт күдікті жеткізілді. Олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тексеру жүргізілуде.