Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Алтай қаласындағы С. Нұрмағамбетов атындағы мектеп оқушылары ШҚО қорғаныс істері өкілдерімен кездесті
Кездесу білім беру мекемесі жұмысының басты бағыттарының бірі - оқушыларға патриоттық тәрбие беру бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда жастардың бойында патриотизм мен өз еліне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу қаншалықты маңызды екенін көріп отырмыз. С. Нұрмағамбетов атындағы мектеп оқушыларының бойында нағыз еркектік қасиеттерді: тәртіпті, жауапкершілікті, командада жұмыс істей білуді қалыптастыра отырып, әскери қызметке баулуда. Бұл оқушылар біздің еліміздің болашақ қорғаушылары және біз оларды осы жолда қазірден қолдауымыз керек, - дейді ШҚО аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы запастағы полковник Нұрлан Махамбетов.
Кездесу барысында Қорғаныс істері өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті, ал оқушылар Отан қорғаушы мамандығына үлкен қызығушылық танытты. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпаққа Отанға қызмет етудің парыз екенін түсіндіруге, сондай-ақ оларды Қарулы Күштер қатарындағы қызметке дайындауға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, С. Нұрмағамбетов атындағы мектебінде патриотизм мен әскери қызметке құрмет көрсетуге 1-сыныптан бастап ерекше көңіл бөлінеді. Ал 5-сыныптан бастап мұнда "Жас сарбаз" әскери сыныптары жұмыс істейді. Мұнда оқушылар алғашқы әскери дайындықтан өтеді. Мектеп оқушылары облыстық деңгейде әскери, саптық жарыстарда үнемі жоғары нәтижелер көрсетеді.