Абай облысында шахта қызметкері қаза тапты
Кеше Абай облысындағы Орлов шахтасында тағы да қайғылы жағдай орын алды
Тау-кен массасы опырылып, екі қызметкер жарақат алған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
19 қыркүйекте шамамен сағат 14.20-да Орлов шахтасында кәсіпорынның екі қызметкері жарақат алды. Алдын ала анықталған себебі – тау-кен массасының опырылуы. Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Екінші қызметкер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтты, - деп мәлімдеді KAZ Minerals тобы.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге қатысу үшін өңірге барды.