Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бұқтырма су қоймасының үстінен салынған көпір құрылысы ақталуға жақын

Мемлекет басшысы осыдан тура 5 жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне твиттер арқылы Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін қаржы бөлуді тапсырған болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / Бұқтырма су қоймасының үстінен салынған көпір құрылысы ақталуға жақын
Фото:
instagram/berikuali

Екі облыстың, 6 ауданның арасын жалғайтын стратегиялық нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Бұл көпір жергілікті тұрғындар үшін көптен күткен қуаныш, сүйіншілейтін үлкен жаңалық болайын деп тұр. Өйткені Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының Марқакөл, Күршім, Катонқарағай және Көкпекті аудандарының тұрғындары 50 жыл бойы жол азабын тартты. Жазғы уақытта паром арқылы, қыс мезгілінде мұз үстімен жүрді. Талай адамның суға кеткені де жасырын емес. Сондықтан бұл көпірді салудың маңызы жоғары еді, - деп жазды Берік Уәли. - Бұл – еліміздегі ең ұзын көпір болмақ. Екі жолақты автомобиль көпірінің жалпы ұзындығы 1316 метрді құрайды. Тәулігіне 80 мың көлікке дейін өткізе алады. Сонымен қатар жоба аясында ұзындығы 18,6 шақырым болатын көпірге қосылатын жаңа автожол құрылысы қарастырылған.

Следующая →