Мысырлық компания Қазақстанда биофармацевтикалық зауыт салмақ
"EIPICO" компаниясы 33 млн АҚШ долларына жуық қаржыны инвестициялауға дайын
ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова "EIPICO" египеттік фармацевтикалық компаниясы өкілдерімен Қазақстанда толық циклды биофармацевтикалық зауыт салу бойынша инвестициялық жобаны талқылады, деп хабарлайды Устинка LIVE.
"EIPICO" компаниясы 33 млн АҚШ долларына жуық қаржыны инвестициялауға дайын екенін нақтылады. Жоба аясында қазақстандық азаматтар үшін 200-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Зауыт құрылысы сонымен қатар Қазақстанның фармацевтикалық сектордағы орнын күшейте түсіп, маңызды дәрілік заттар өндірісін локализациялауға ықпал етеді, - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу нәтижесінде тараптар жобаны жүзеге асыру мақсатында алдағы ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізді.