Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да қысқы маусымда жылына 300-ге жуық өрт шығады

Облыс аумағында өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да қысқы маусымда жылына 300-ге жуық өрт шығады
Фото:
ШҚО ТЖД

Негізгі мақсат - халықты қатты отынмен жылытылатын жер үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерімен таныстыру, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Айлақ барысында өрт сөндірушілер аулаларды аралап, пештер мен түтін мұржаларының жайына басты назар аударады, үй иелеріне қауіпсіздік шаралары туралы ұсыныстар береді.

ШҚО ТЖД ақпаратына сүйенсек, жыл сайын жылыту маусымы кезеңінде облыста 300-ге жуық өрт тіркеледі.

Өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 3101 тұрғын үйде профилактикалық жұмыс жүргізілді, 2800-ге жуық азаматқа нұсқау берілді. 1304 үйде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны анықталды, оның 597-сі пешпен жылытуға байланысты, 515-і электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбау, 198-і басқа себептерге байланысты. Айлықты өткізуге азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінен басқа аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері, еріктілер және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырады, - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

Сонымен қатар, жер үйлерді аралау барысында иіс газы туралы дабыл қағатын құрылғылар орнатылды. Соңғы жылдары өңірде барлығы 15 мыңға жуық датчиктер орнатылды, олар 42 адамның, оның ішінде 32 баланың өмірін сақтап қалды.

ШҚО ТЖД азаматтардан пешті қыс мезгіліне алдын ала дайындауды, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:

  • жылыту маусымы басталар алдында пеш пен түтін мұржаларының жарамдылығын тексеру қажет
  • пешті жүйелі түрде тексеру керек;

  • отын мен басқа да жанғыш материалдарды пештен қауіпсіз қашықтықта жинау қажет;

  • от жағуды ұйқыдан 2 сағат бұрын тоқтату керек.
  • Следующая →