Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ақтау гарнизонында борышын өтеп жүрген сарбазға оқ тиіп, қайтыс болды

Маңғыстау облысында полигондағы оқу-жаттығу кезінде сарбаздың бетіне оқ тиіп, қаза тапты

Новости Казахстана / Ақтау гарнизонында борышын өтеп жүрген сарбазға оқ тиіп, қайтыс болды
Фото:
t.me/modgovkz

Бейресми ақпарат көздерінің мәліметіне сүйенсек, қаза тапқан сарбаз Шығыс Қазақстан облысының Самар ауылының тұрғыны, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 7 қыркүйек сағат 17.10 шамасында лагерь бойынша кезекші гвардия лейтенанты ПМ 9 мм тапаншасынан рұқсатсыз оқ атып, гвардия сарбазы, қатардағы жауынгердің бетіне тиген.

Артынша қаза тапқан сарбаздың әкесі Қорғаныс министрлігі басшысына видеоүндеу жасады. Ол оқиғаның жан-жақты тергелуін талап етіп отыр және мұның оқыс жайт екеніне сенбейтінін айтқан.

Іс Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды. Оның тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Ш-Х. Жазықбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Қайғылы жағдайдың мән-жайлары жан-жақты тексеріліп, тергеу органдарына объективті тергеу жүргізу үшін толық көмек көрсетілу үстінде, - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. - Кінәлі тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Сондай-ақ сарбаздың туыстары мен жақындарына жан-жақты көмек көрсетілетінін хабарлайды.

Следующая →