ШҚО әкімі көшпенділер ойындарына кеткен ШҚО спортшыларына сәттілік тіледі
Кеше елордада V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары салтанатты түрде ашылды
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шығысқазақстандықтарға сәттілік тіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.
Бүгін Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылардың басын біріктірген дүбірлі дода Астана төрінде өтуде. Ежелгі көшпенділердің рухы мен нағыз мұрасын ұштастырған жарыс барысы жанкүйерлер үшін қызықты атмосфера құрмақ. Жарысқа келген үш мыңнан астам спортшы халық спортының 20-дан астам түрі бойынша бақ сынасады. Шығыс Қазақстан командасы садақ ату, арқан мен таяқ тарту және басқа да спорт түрлері бойынша өнер көрсетеді. Айта кетейік, көшпенділер ойындарының алдында біздің спортшылар киелі Мұзтау етегінде орналасқан Көккөл сарқырамасына барды. Бұл жердің қасиеті оларға жеңіске ерік пен күш беретініне сенімдімін. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барлық қатысушыларына сәттілік тілеймін! – деді облыс әкімі.