Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -10°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -9°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    -6°
$
523.72
-0.14
544.09
-0.25
¥
71.75
-0.02
5.2
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР Президенті республикалық референдум өткізу туралы Қаулыға қол қойды

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу мәселесін талқылау бойынша республикалық референдум өткізу туралы құдатқа қол қойды

Новости Казахстана / ҚР Президенті республикалық референдум өткізу туралы Қаулыға қол қойды
Фото:
pexels.com

Республикалық референдум 2024 жылғы 6 қазанда өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жарлықтың толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп танысуға болады.

Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін. Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын, – деген Мемлекет басшысы Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтетінін хабарлады.

Президенттің айтуынша, алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ.

Шын мәнінде, бұл – "Халық үніне құлақ асатын мемлекетке" тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Следующая →