Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

"Алтай" жеңістен үмітті

Облыс орталығында 11-18 шілде күндері өтетін әйелдер клубы арасындағы Азия чемпионатына "Алтай" өскемендік волейбол командасы қызу дайындық жасауда

Осымен Азия чемпионатына үшінші рет қатысқалы отырған, оның алдындағы екі жарыста да 4-орын алып қалған қазақстандық команда биыл аянып қалмаймыз деп отыр.

- Командаға жаңа ойыншылар, легионерлер келді. Былтырғы чемпионаттан алған тәжірибеміз тағы бар. Борис Александров атындағы Спорт сарайының жаңа залына көз үйрету керек болып тұр. Команда биылғы сайысқа сақадай сай. Тайланд пен Қытай командалары қуатты қарсылас болады деп жорамалдап отырмыз, - дейді "Алтай" волейбол клубының бас бапкері Юрий Панченко.

Ал волейболшылардың айтуынша, Еуропалық турнирлерге қатысып жүрген қазақстандық клубқа Азия командаларымен ойнаған қиындау. Өйткені Азия құрлығының волейболы өзгеше.

- Қазақстандық волейбол еуропалық волейбол ойнау стиліне ұқсайды. Пас пен доп жоғары беріледі, күшпен жоғары соғылады. Ал Азия командалары допты шапшаң беріп, шапшаң соғады, төменгі пастармен ойнайды. Бұл біз үшін біраз ыңғайсыз, - дейді команданың орталық қорғаушысы, легионер Наталья Шаршакова.

Қазір командада 15 ойыншы бар. Чемпионатта ойыншылардың барлығы ауысып ойнайтын болады. Жарақат алған волейболшылар жоқ. Спортшылар үш күн жаттығып, бір күн демалады. Қазір де осы режім бойынша жаттығуда.

Ойыншылардың айтуынша, өскемендік жанкүйерлердің белсенділігі жоғары.

- Қазақстанның басқа қалаларына барып ойын өткіземіз. Сонда басқа қалалардың жанкүйерлері Өскемендік жанкүйерлерге жетпейтінін көреміз. Біздің жанкүйерлер өте белсенді, тақымын қысып, бар күшімен жақтап отырады. Бұл бізге шабыт берері анық, - дейді команда капитаны Сана Анарқұлова.

Биылғы бәсекеге Азияның 9 елі қатысады: Қазақстан, Вьетнам, Жапония, Индонезия, Иран, Қытай, Қытайлық Тайбэй, Тайланд, Шри-Ланка. Былтыр 8 команда қатысқан еді. Командалар үш топқа бөлініп, плей-офф кезеңіне өтуге таласатын болады. Ал алтайлықтар 11 шілде сәрсенбі күні 18.30-да алғашқы кездесуін Иран командасымен өткізеді. 13 шілде жұма күні 19.00-де Қытайлық Тайбэймен кездеседі.


Следующая →