Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жүрек дерті асқынып тұр…

Облыста жыл сайын жүрек ауруынан үш мыңнан аса адам көз жұмады. Бұл дертке бұрын қарт адамдар ғана шалдыққан болса, қазір ауру жас талғамайтын болды: жастар арасында да инфаркт алатындар көбейген

Бір сәт статистикаға көз жүгіртейік, қазіргі таңда облыста 290 мыңнан аса адам жүрек ауруымен ауырады. Яғни, облыстың әрбір бесінші тұрғынының жүрегінде қандай да бір ақау бар. Бұлардың арасында жүрек ауруына шалдыққандардың көбі - қарттар. Егер облыста, шамамен, 200 мыңға жуық қарт тұратын болса, олардың арасында 65 жастан асқандары осы дерттің қақпанына ілінеді.

- Көбінесе, қарт адамдар жүрек ауруларына көп шалдығады. Одан бөлек, былтыр 2460 бала мен 2157 жасөспірім жүрек ауруымен ауыратыны белгілі болды, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.

Алдыңғы жылы 276 мыңнан аса адам жүрек-қан тамыры ауруларымен тіркеуде тұрған болса, бір жылдың ішінде олардың саны 15 мыңға артқан.

Облыста қарттар көп тұратындықтан, жүрек ауруынан көз жұматын жандар да көп болып отыр. Шығыс өңірі елдің өзге облыстары арасында бұл көрсеткіш бойынша төртінші орында тұр.

- Жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болу көрсеткіші келесідей: 2015 жылы - 100 мың адамға шаққанда 234,40; 2016 жылы - 100 мың адамға шаққанда 199,81; 2017 жылы - 100 мың адамға шаққанда 215,379 құрайды, - дейді басқарма басшысы.

Байқағанымыздай, өлім-жітім азайды дегенмен, статистика қашан да "қырсық" қой. Бір жылы көз жұмғандар көп болса, енді бір жылы аз болады, ал келесі жылы қайтадан көп болуы мүмкін. Бірқалыпты азайып отырған жоқ.

- 2018 жылдың алғашқы төрт айында 1253 адам жүрек ауруынан көз жұмды. Ал былтыр алғашқы төрт айдың ішінде 997 адам өмірден озған болатын, - дейді Марат Шоранов.

Статистика бұл жолы да өлім-жітімнің артқанын көрсетіп отыр.

Қан айналымы ауруларының түрлері көп. Туабітті жүрек кемістігінен бастап, жүре пайда болатын, өлімге әкелетін инфаркқа дейінгінің барлығы адамға зиянды саналады. Ал облыста жүрек ауруларының ішінде гипертония мен жүрек ишемиялық аурулары көп тараған. Бұл аурулардың көпшілігі жүре пайда болатындықтан, адамдардың көбі мән бермейді, елеп-ескермеуінің кесірінен дертін асқындырып алады.

Ал дәрігерлердің айтуынша, генетикалық текпен берілетін жүрек кемістігі мен жүрек ақауынан басқаның барлығын дер кезінде анықтап, емдеуге, алдын алуға болады. Алайда тұрғындардың өздері уақыт оздырып алатын көрінеді.

- Жүрек аурулары дұрыс тамақтанбаудан, семіздік пен көп күйзелуден, уайымдау мен алаңдаушылықтан, ішімдік пен темекіден пайда болады. Тұзды, майлы, жартылай дайындалған тағамдарды көп тұтынудың кесірінен қан тамырларына холестерин толып, қан жүретін жолдарды бітеп тастайды. Соның кесірінен жүрек қанды айналдыра алмай, өзіне салмақ түсіреді. Бұл бір күнде пайда болатын дерт емес. Жүрек ауруының белгілері біртіндеп белгілі бола бастайды. Жүрек қуысы ауырып, жайсыздық орнайды. Кейде шымшып, тартып ауырады. Дене тез ұйыйды. Бет-әлпетке қан бармай, жансыздануы, дем жетпей, бас айналуы жиілейді. Алғашқы белгілері көріне бастағанда-ақ дәрігерге келіп, тексеріліп, диагнозын анықтап, емделу қажет, - дейді облыстық аурухананың кардиолог-дәрігері Наталья Полторанина.

Расында да, тұрғындардың көбі жүрегі ауыратынын біле тұра, дәрігерге қаралмай, ем алмай жүре береді.

- Жақында 23 жастағы досым жүрек дертінің кесірінен өмірден өтті. Екеуіміз де өндіріс орнында жұмыс істейтін едік. Бәрі асқазаннан басталды. Гастрит болып ауырып, кейін жүрек тұсым да ауыра бастаған кезде, мен цехтің жұмысынан шығып кеттім. Ал досымның асқазаны мен жүрегі ауырып жүрсе де, дәрігерге кейін қараламын деген оймен ғана жүре берді... - дейді Мират есімді өскемендік жас жігіт.

Жүрек ауруларының алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтанған жөн. "Ауру - астан" дейді халқымыз.

- Жасанды қоспа мен құрамында концентраты бар тамақ өнімдерін жемеген дұрыс. Ет пен сүт тағамдарын аздап жеп, жеміс-жидекті көп тұтыну керек. Спортпен айналысып, таза ауада тыныс алуға тырысу қажет, - дейді кардиолог Наталья Полторанина.

Следующая →