Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Көктемгі науқан қызатын шақ таяу

Бар ырысын жерден терген диқан үшін әр күн қымбат. Өйткені егіс науқаны қызатын шақ таяу қалды

Мәселен, облыстағы шаруалар биыл 1 млн 357 мың гектар алқапқа дәнді дақыл сеуіп, мол өнім алуға үмітті. 

Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік өңірі көктемгі егістік алқаптарының жұмыстарына білек сыбана кірісіп кетсе, шығыс өңірі науқанға қажетті техникасын, тұқымын сайлап, дайындық жұмыстарын жүргізуде. Шаруалардың болжауынша, биылғы егістікке ауа райы қолайсыздық тудыруы мүмкін. Дегенмен, облыстық ауылшаруашылық басқармасы жоспарлы межені дер кезінде орындап, жоғары өнім алып, қамбаларды толтырамыз деген үмітте.
- Бүгінгі күні облыс бойынша көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жүргізілуде. 2018 жылы ауыл шаруашылық дақылдарының егістігі 1357 мың гектарға жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 41 мың гектарға, яғни, 103%-ға артқан. Оның 608,6 мың гектарына дәнді және дәнді бұршақ дақылдарын, 319 гектарына мал-азықтық дақылдар, 27,6 гектарына картоп және өзге де көөніс егуді жоспарласа, 398 мың гектарына майлы дақылдар (360 га – күнбағыс) егіледі, - дейді ШҚО Ауылшаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Тұрысбеков.
Осы жылы Шығыс Қазақстан облысына Энергетика министрлігі 25 мың тонна арзандатылған дизель отынын бөлді. Бүгінде оны үлестіру жұмыстары аяқталып, 2,8 мың тоннасы аудандарға жөнелтілген. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәлімдеуінше, қазіргі таңда арзандатылған жанар-жағар майды үлестіру мәселелері оң шешімін тапқан. 
  -  Егістік жұмыстарына бөлінген 25 мың тонна дизель отынынан наурыз айына 3 мың тонна, ақпан мен мамыр айына 11 мың тоннадан бөлді. Операторлардағы дизель отынының литрі 146-151 теңгені құрайды, - дейді Арман Тұрысбеков.
Хош, егетін жер дайын, егілетін дән мен техниканың мәселесі не болмақ? Себебі биыл егістікті жүргізу үшін 96 мың тонна дәнді дақылдар, 4,5 мың тонна майлы дақылдар, 1,3 мың тонна мал-азықтық дақылдардың тұқымы және 53,9 мың тонна картоп тұқымы қажет екен. Көктемгі егістік жұмыстарын атқаруға қажетті техника мен оның жанар-жағармайын дер уақытында дайындағанымен бірқатар өңірлердің шаруалары себетін тұқым таппай, қиындыққа душар болып отырған көрінеді. Алайда, Арман Тұрысбеков бұл мәселенің таяу арада шешілетіндігін айтып отыр.
- Жетпеген майлы дақылдар мен мал-азықтық дақылдардың тұқымын шетелдерден және көрші облыстардан сатып алу арқылы олқылықтың орнын толтырамыз, - дейді Арман Жұмаханұлы.
Әзірше, көңілге кірбің түсіріп, алаңдаушылық танытатындай жайттар орын ала қойған жоқ. Бірқатар өңірлер егілетін алқаптарын қысқартып, босаған жерлерге себілетін дәнді дақылдар түрін пысықтауда, яғни, егістік алқаптарын әртараптандыру ісіне бет бұруда. 

Сондай-ақ, 2017 жылғы ауылшаруашылық өнімдерін, оның ішінде майлы дақылдар, дәнді дақылдар, көкеніс өндіруде индикативті көрсеткіші жоғары бірқатар аудандарды атап өткен жөн. Олар: Бородулиха, Үржар, Шемонаиха, Көкпекті, Глубокое аудандары. Ал дақылдарының индикативті көрсеткіштерінің болмауына байланысты министрлік пен Президент әкімшілігінің сынына ұшыраған аудандар да бар. Сонымен, өткен жылы дақылдардың индикативті көрсеткіштері төмен 9 аудан: Абай, Аягөз, Жарма, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Ұлан аудандары. Мұның бәрі, өз кезегінде, аймақтың да, аудандардың да азық-түлік қауіпсіздігіне әсер ететінін естен шығармаған абзал.
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Егін Көктем Науқан