Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Облыста таксиге сұраныс артып тұр

Такси қызметіне сұраныс артып, керісінше, қала ішінде қатынайтын автобустардың сұранысы төмендеген

Бірақ такси қызметіне деген сұраныс көбейгенімен, табысы ұлғаймай отырған көрінеді. Ал автобустардың табысы  көбейген.

Республикалық ресми деректерге сүйенсек, автобустар тасымалдаған жолаушылардың саны бір жылдың ішінде 1,2%-ға артқан. Ал такси жүргізушілері болса, былтырғымен салыстырғанда 0,7 пайызға аз жолаушы тасыған. 

Дегенмен такси қызметіне деген елдің сұранысы артып келе жатқанын кәсіп иелері де мақұлдап отыр. Қазір облыста такси қызметін ұсынушы 24 тасымалдаушы бар, оның ішінде 10-ы компания болса, қалған 14-і жеке кәсіпкер. Мәселен, Өскемен қаласында сұранысы жоғары "Апару" такси қызметінің басшылығы тапсырыстың былтырмен салыстырғанда өскенін айтады. 
- Такси паркінің табысы да, сұранысы да түскені рас. Өйткені қазір мобильді қосымшасы бар агрегатор таксилерге деген сұраныс артқан. Тапсырыс беруге өте ыңғайлы. Бізде де осы жүйе бар. Ең бастысы, клиентке дер кезінде жетіп, барынша аз қаржыға қызмет көрсете алуың керек. Қазір такси нарығында бәсеке жоғары. Соның әсерінен баға да біршама түскен. Қызмет бағасы бірнеше жыл өскен жоқ, сол күйінде қалып отыр. Былайша айтқанда, қазір екінің бірі такси қызметін пайдалануға жағдайы жетеді. Сондықтан сұраныс артып отыр. Былтырмен салыстырғанда тапсырыс саны бізде 5-10 пайызға дейін өсті, - дейді компания директоры Константин Зайцев.
Такси қызметінің жандануына жеке таксилердің, яғни, көшеде тұратын «бестік» такси жүргізушілерінің азаюы да себеп. Мұндай такси иелері қазір мобильді қосымшаға не агрегатор такси парктеріне жүгініп, сонда жалданатын болған. Айтуларынша, бұл заңды әрі табысы уақтылы.
- "Бестік" таксилер Алматы мен Астана қалаларында көп болатын. Бірақ соңғы екі жылда мұндай таксишілер азайды, - дейді Константин Леонидович.
Қазір Өскемен қаласында трамвайлар тоқтағандықтан, екі не үш қоғамдық көлікпен қатынайтын жерге таксимен тез жетуге болатындығын ескерген тұрғындар да такси қызметіне жүгіне бастаған. 
- Жалпы такси қызметі бойынша облыста 2016 жылы қазынаға 58,1 млрд теңге салық түссе, 2017 жылы 71,6 млрд теңге салық түсімі болған. Яғни, бір жылда салық түсімі 13,5 млрд теңгеге артқан. Ал биыл үш айдың ішінде 17,4 млрд теңге салық түсті, - дейді ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Еркін Жолдасбеков.
Есесіне, таксимен қатынағысы келген адамдардың саны артқанымен, қоғамдық көлікпен жүргісі келетіндердің қарасы сиреген көрінеді. Өйткені автобустар тасымалдаған жолаушылардың саны өткен жылмен салыстырғанда аз. 
- Өскеменде қоғамдық көлікпен 2016 жылы 33 млн 700 мыңға жуық адам қатынаса, 2017 жылы 32 млн 400 мыңға жуық адам қатынаған, - дейді Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Нұржан Жапбаров.
Қоғамдық көлікпен қатынайтын жолаушылардың саны азайғанымен, автобус иелерінің табысы азая қоймаған. Бұған салықтан түскен түсім дәлел. 
- Облыста 2016 жылы автобуспен тасымалдайтын 1401 тұлға мемлекет қазынасына 218,2 млрд теңге салық түсірсе, 2017 жылы 237,6 млрд теңге қаржы төлеген. Яғни, бір жылдың ішінде салық көлемі 19,4 млрд теңгеге өскен, - дейді Еркін Жолдасбеков.

Следующая →