Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Мал дәрігерлері жетіспеуде

Ел экономикасына "ми" ағымы қандай зиян болса, белгілі бір маман тапшылығы сондай зиян келтіреді. Бүгінгі таңда облысымызда мал дәрігері мамандары тапшы болып отыр

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ветеринарлық қызметті атқарып жүрген 1423 мал дәрігері бар. Тағы 60-қа жуық мал дәрігерінің жұмыс орны бос тұр.

Облысымызда мал шаруашылығымен айналыспайтын аудан жоқ шығар. Малға бай демесек те, әр ауданда отар-отар қойын, үйір-үйір жылқысын бағып отырған шаруалар жеткілікті. Бірақ малдардың амандығына жауап беретін дәрігер мамандардың тапшылығын Ветеринария басқармасы да растап отыр.

- Өңірде мал дәрігері мамандары, әсіресе, ауылдық жерлерде өте тапшы, - дейді Шығыс Қазақстан облысының Ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асқар Шынтеміров. - Өйткені мал дәрігері мамандығына бөлінетін гранттар саны өте аз. Ветеринария саласында оқып, мамандық алып шыққан жастардың басым бөлігі осы саладағы еңбек жолын жалғастыруға аса құштар емес. Ауылдық округтерде жұмыс істейтін мал дәрігерлерінің еңбекақы мөлшері төмен. Бүгінгі таңда Семей қаласы және Жарма, Көкпекті, Күршім, Бесқарағай аудандарында мал дәрігерлері мамандары жетіспейді.

Ауылдық жерлердегі мал дәрігерінің орташа жалақысы 60-80 мың теңге аралығында. Өзі де мал ұстайтын, артық дүние-қызықты талап етпейтін ауылды жерге бұл қомақты қаражат сияқты. Бірақ бұл жөнінде мамандықтың міндетін мойнына артып көргендерден сұраған едік.

- Ауылды жерде жұмыс істесең, 70-75 мың теңге жалақы береді, - дейді мал дәрігері мамандығын бітіріп шыққан мамандардың бірі Ерлік Ескендіров. - Мұндай жұмыс өз ауылыңнан табылса игі ғой. Диплом алып өз ауылыңа бара салмайсың, өзіңмен бірге оқып, жұмыс іздеп келгендер жетеді. Сондықтан көрші немесе шалғай ауылдан орын табылады. Көшіп барасың, бармасаң екі аяғыңа сендің. Осылайша тапқан-таянғаныңның басым бөлігін жолыңа жұмсайсың. Қарапайым тұрғынға бұл орынсыз шығын. Мұнымен қоса, мал дәрігерінің жұмысы ерте басталады. Күн көзі көрінбей тұрып, мал өріске кетіп қалмай тұрғанда жоспарлы ісіңе кірісесің. Ауылды жердің барлығына автобус жүре бермейді. Жүрсе де, уақытылы емес. Міне, осындай ыңғайсыздықтар орын алады.

Ерлік Ескендіров бүгінгі таңда сүт өңдеп, өндіретін кәсіпорындардың бірінде қызмет етеді. Бұған дейін облыс аудандарының бірінде мал дәрігері қызметін атқарған.

- Жұмыстың өзін қиын демеймін, - дейді Ерлік сөзін жалғап. - Тек мал санағы бойынша әкімдіктер тапсырған жоспарлы міндетіңді уақытында орындап отыруың керек. Жоспар демекші, кейде елді мекендердегі мал басының санын да қате жүргізіп, не болмаса, өтірік жасап береді. Мұндайда біз жоспардағы мал басының барлығынан қан алуымыз керек. Бұйрықты орындамасаң – жаза. Сондықтан бір малдан екі рет қан алатын сәттер жоқ емес. Мұнымен қоса, көктем кезінде тұрғындар "малым қыстан шықты" деп қанын алғызбай қояды. Тізімдегі малдың санын шығару үшін демалыссыз жұмыс істеуге тура келеді. Ал қыстың қаңтар-ақпан айларында жұмыс болмайды. Жұмыс болмаған күндерге қаражат төленбейді. Ақпан айының соңында басталған жұмыстың жалақысын тек сәуірде алатынбыз.

Бұл мамандықты игеремін деушілердің де қарасы аз емес. Облысымыздағы сұранысты қанаттандыруға әсте болады. Бірақ жұмысқа орналасқан соң көбі өз қызметінен кетіп қалады. Өйткені еңбек жағдайы көбінің көңілінен шыға бермейді.

- Біздің колледж түлектерінің 70 пайызы өз мамандығымен жұмыс істейді, - дейді Саратов ауылындағы Шығыс Қазақстан облыстық Ауылшаруашылық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлия Есқалиева. - Қалған студенттер декреттік еңбек демалысына, әскерге, Шәкәрім атындағы Семей университетіне түсіп жатады. Биыл "Серпін" бағдарламасымен бітіретін 12 балаға Ұлан ауданы сұраныс беріп отыр. Жалпы есептесек, биыл 33 бала оқу бітіруге шақ қалды.

Бұл мамандық иелерінің бүгінгі қоғамға қаншалықты қажет екенін айтпасақ та түсінікті. Әсіресе, кейбір аудандарда білініп тұратын бруцеллез ауруы пайда болғанда, ет сатып алу барысында, Құрбан айт кезінде ветеринар мамандардың бақылауы қоғам денсаулығына тікелей жауап береді. Мысалы, жуықта Риддер қаласының шекаралық посттағы жергілікті полиция қызметі мамандары мал өнімін ветеринариялық ілеспе құжатсыз тасымалдаған. Тиісті құжатсыз ет өнімін саудалағандар 294 970 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл алды. Айыппұл алғандар өз аудандарында ветеринар мамандардың жоқтығын сылтау еткен. Дегенмен бұл заң алдындағы жауаптан құтылуға мүмкіндік бермеді.

Следующая →