Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Күнбағыс майы қымбаттай ма?

Шығыстың байлығы саусақпен санарлықтай емес-ті. Қойнауындағы қазба байлықтан бастап, табиғаты, жерінің құнарлылығы құдды бір құдайдан арнайы сұрап алғандай-ақ

Асты алтынмен, мырышпен, мыспен көмкерілген өлкенің өн бойынан жүріп өтсек, бұл байлық өз елімізді де, өзге елді де еркелетуге жетеді. Бірақ бұл жолы ерте көктемнен еңбекке кірісетін егін шаруашылығын сөз етуді жөн көрдік. Әсіресе, өңірімізде ерекше қарқынмен жүзеге асырылатын майлы дақылдар турасында.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2017 жылы егілген майлы дақылдардың көлемі 431,5 мың гектарды құраған. Облыста негізгі майлы дақылдарды өсіретін Бородулиха, Көкпекті, Үржар, Шемонаиха аудандарын ерекше атауға болады. Облысымызда майлы дақылдардың 5 түрі өсіріледі. Олардың ішінде күнбағыс 399,7 мың гектар жерге, мақсары (сафлор) 6,5 мың гектарға, қытай бұршағы (соя) - 12,1 мың гектарға, рапс - 11,3 мың гектарға және зығыр - 1,8 мың гектарға егіледі. Бұл айтарлықтай ауқымды жер көлемінен, расымен, көп өнім алынады.

- Аудан, қала әкімдіктерінің жедел мәліметтері бойынша 2017 жылы майлы дақылдардан жиналған өнім - 566,72 мың тонна, 13,2 ц/га өнімділікпен шықты, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ернар Рахметуллин. – Былтыр себілген күнбағыс тұқымының көлемі - 3,3 мың тонна. Оның 65 пайызы тек отандық өнімді құрайды. Былтыр өндірілген өнімнің 24 пайызы, яғни, 135,9 мың тоннасы экспортқа шығарылды.

Бүгінгі таңда күнбағыс өнімдеріне деген сұраныс көршілес орналасқан Қытай елінде жоғары. Атап айтқанда, 135 мың тоннаның 67 пайызы, яғни, 91 мың тоннасы Қытайға экспортталады. Шығыс Қазақстанның майлы дақылдарына қызығушылық тудырып отырған тек Қытай емес. Аталған көлемнің 34,8 мың тоннасы Өзбекстанға, 4,8 мың тоннасы Ресейге, тіпті, 3,5 мың тоннасы Иранға, 1,3 мың тонна Тәжікстанға, 55 тонна Ауғанстанға және 20 тоннасы Қырғызстанға жіберіледі. Осынау әлемнің түкпір-түкпіріне тарайтын күнбағыс өнімдерінің өсімі бойынша 20 жылға жуық тәжірибесі бар шаруа қожалықтарының басшылары да маңызды жайттарға тоқталады.

- 2001 жылдан бастап майлы дақылдар өсіріп келемін. Шаруа қожалығын ашпас бұрын камазбен жүк тасымалдап келдім, - дейді "Қалисаттарұлы" шаруа қожалығының басшысы Самарқан Жотабаев. - Бүгін "Заря", "Пионер", "Қазақстандық", "Украиндық" күнбағыстарды өсіріп келемін. Біз ең алдымен дақылдардың тұқымдарын шетелден, әсіресе, Ресейден аламыз. Олардың өсімі жоғары болғандықтан шетелдік өнімді пайдаланамыз. Бүгінгі таңда мың жарым гектар жерге егін ексек, оның 400 гектарына күнбағыс егеміз. Біздің өнімдердің басым бөлігін жергілікті май зауыттары сатып алады. Бұрын Қарағандыдан, Талдықорғаннан сатып алушылар табылатын. Қазір заман өзгерді. Кім көп қаражат ұсынса, сол жаққа сауда бет бұрады.

Дегенмен, биыл күнбағыс майының құны арта ма? Статистика департаментінің деректеріне сүйенсек, былтыр күнбағыс майының құны 12 пайызға төмендеген. Алайда, биылғы наурыз айында құн өзгерістері болуы мүмкін екеніне май зауыттарының сарапшылары шек келтірмейді.

- Иә, май зауыттарында күнбағыс тапшылығы орын алуда. Бұл жасырын емес, - дейді май зауытындағы шикізатпен қамту бөлімінің Васлилий есімді маманы. - Бұл ретте экспорттың үлесінен бөлек, шаруа қожалықтарының құн саясатын жүргізуіне де байланысты. Яғни, олар шикізат өнімінің қымбаттауын немесе өзге де факторларды күтеді десек дұрыс болады. Қазіргі таңда шикізат жеткілікті. Иә, тапшылық көріп жататын жағдай барлық зауыттарда орын алады. Бұдан ешкім сақтандырылмаған. Шаруа қожалықтарына экспорт па, әлде ішкі нарық айналымы ма, бәрібір. Тек өз өнімдерін жоғары бағамен сатуды көздейді. Мысалы, қазір наурыз айында шикізат құны біршама өзгеріске ұшырайды. Оның не қымбаттайтынын, не арзандайтынын болжау қиынға соғады. Әдетте, айдың ортасында белгілі бір құн белгіленіп, айдың соңына дейін бір баға сақталып тұрады.

Осылайша, күнбағыс дақылдарының жаңа егісі басталмай жатып, құн саясаты жүргізіледі. Былтыр біршама азық-түліктердің қымбаттағанын жоққа шығаруға болмайды. Жоғары экспортпен, шикізат өнімінің құн саясаты өзгеріске ұшыраса, биыл майлы дақылдар да қымбаттауы мүмкін.

Следующая →