Өскемендіктер құдық мен құбырға еріген қар суы қосылып кетуі мүмкін деп отыр
Сондықтан кейбір қала тұрғындары құдық пен су шүмегінен аққан суды тұтынудан бас тартып отыр
Ал Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы тұрғындардың бұл арызына құлақ түре отырып, қаладағы құдық суларын тексеруге шықты.
Следующая →
- Қазір құбырлардан су алынып, талдаудан өткізілуде. Әзірше, ешқандай ақау не улы зат табыла қойған жоқ. Қаламыздың кез келген тұрғыны "Өскемен-Водоканал" кәсіпорнына жазбаша хат жолдап, судың тазалығы туралы ақпарат ала алады, - дейді кәсіпорынның бас инженері Андрей Алехнович.Дегенмен коммуналды қызмет өкілдері құдық пен колонкадағы судың "Водоканалға" қатысы жоқ екендігін жеткізді. Сондықтан тұрғындар құдықтың суын тексеру үшін ШҚО Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментіне жүгіне алады.
Тақырыптар:
Качество питьевой воды в ВКО Паводки в ВКО Центр экологической безопасности в Усть-Каменогорске