Қарттар үйі қара шаңырақты алмастырды...
«Қарты бардың қазынасы бар» дейді қазағымыз. Біздің қазынамыздың жартысы қасымызда болса, жартысы қарттар үйінде
Қазіргі қарттар үйі әу баста жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатымен, өткен ғасырдың 50-60 жылдары құрылған мекеме деседі. Сол кезде ашылған бұл мекеме бүгінгі қоғамда өзінің орнын тауып, жалғыз қалған қарттарымыздың паналайтын орнына айналды.
Ресми деректерге сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында 8 қарттар үйі бар. Солардың бірі Өскемен қаласында орналасқан. 120 орындық үйдің іші ашылғаннан бері адамдарға лық толы болып отыр. Біреуі кетіп жатса, енді бірі келіп жатады. Ал бұл жердің қызметкерлері қариялардың достары, немерелері мен сырластарына айналған.
- Әр қариямыздың өмірін, қуанышты сәттерін білеміз. Мекемеміздегі әр қарттың немен айналысатынын, неге қызығатынын, қай жерлерде тынығуды ұнататынын да білеміз, - дейді директордың орынбасары Айгүл Нұрахметова.
Бүгінгі таңда бұл қарттар үйінде 116 қарт тұрып жатыр. Олардың басым көпшілігі орыс ұлтының адамдары екен. Бірақ қаракөз қазағымыздың да үлес-салмағы 30-ға жетеді.
- Баласы ата-анасын өзі әкеліп тастайтын жағдай өте сирек кездеседі. Көбінде жақындары қаза тапқан немесе ұлдары болмай, қыздары ұзатылып кеткен, келіндерінің қолында қалған немесе жалғыз қалғандықтан осында келіп жатады, - деп түсіндірді Айгүл Қалиханқызы.
Менің балам алтын...
Тілеуімізді тілеп, балаларына ақылын, немерелеріне ертегісін айтатын ата-анамыз өкінішке орай, өздерінің қариялық шақтарын қарттар үйінде қарсы алуда.
Өзін мына жарық дүниеге әкеліп, ақ сүт беріп өсірген, түн ұйқысын төрт бөлген анасын, мойнына мінгізіп еркелетіп, баласының бақыты, игілігі үшін бар күш-қуатын арнаған әкесін қартайған шағында қарамайтын балаларына олар шаң жуытпайды.
Қарттар үйінде жалпы 6 жыл көлемінде тұрып келе жатқан Нина Титоренко 4 тілде еркін сөйлейді. Қазақ тілін жетік меңгерген әже Өскемен қаласының қарттар үйіне келгеніне 2 жыл болыпты.
- Менің немерем отбасын құрамын дегендіктен келін екеуіне кедергі болмайын деп, ал келінім онкологиялық аурумен ауырып қалғандықтан, 3 бөлмелі пәтерімізді 1,5 бөлмеліге ауыстырып, қаражаттың барлығын келіннің еміне жібердік. Тар үйде балаларымды тарылтпайын деп, өзім кеттім, - дейді әже.
Расымен, ананың жүрегі кең. Ана әрқашан балаларының қамын ойлап отырады.
Өзінің баспанасын сатып, қарттар үйіне жолтартқан ананың басты мақсаты баласының көңілін кір шалмай, қиналмауын қалағаны еді.
Қарттар үйіндегі ақ жаулықты әжелер «менің балам...» деп мақтанышпен балаларының жетістіктерін айтуда. Нина Титоренко да немересінің газетке шыққанын көрсетіп, ол жайлы жазылған әрбір сөзді жатқа айтып отыр.
- Менің немерем Төтенше жағдай қызметінде кинолог болып істейді. Ол иттерді тәрбиелеп, оларды тінту жұмыстарына қатыстырады. Ол жайлы газетте де жазылып, теледидарда да көрсетті, - дейді Нина Фиоктистована.
Балаларының балалық қылықтарын, ересек өмірдегі жетістіктеріне риза болып отырған әже өмірде бақытты болу үшін көп уайымға салынбай, ғашық болу керек. Біреудің сүйіктісі болғаннан асқан бақыт жоқ дейді ол.
Қарттар үйі керек
Сайлаубек Дәулетбеков 76 жасқа келді. Өзін Елбасының құрдасымын деп таныстырған ақсақал жалғыз басты екен.
- Мен зейнетке шыққаннан кейін қарындасымның қолында тұрдым. Алайда оның да отбасы бар, бала-шағасы бар. Сондықтан өзім қарттар үйіне барайын деп айттым, - дейді ақсақал.
Өз басынан жалғыздықты өткерген қария қарттар үйінің қажет екенін айтуда. Өйткені бұл жерге түрлі өмірлік жағдайға тап болғандар келеді.
- Туған-туысы жоқ адамдар да өте көп. Олардың барар жері панасы осы қарттар үйі, - деп атап өтті қария.
Сонымен қатар, ақсақал үлкенге құрмет көрсетіп, үлкендердің ақ батасын алу өмірде қажет деген пікірде.
Жағдайымыз жақсы біздің...
Күндері күнделікті серуенмен, түрлі ем-домдарды қабылдаумен өтетін қариялар өздерінің сүйікті істерімен де айналысады екен. Бір ақсақал қарттар үйінің алдына 4-5 жыл жүзім егіп, оны күнделікті күтіп жүреді. Ал ақ жаулықты әжелер тоқыма тоқып, кейін оларды балалар үйіне апарады екен.
- Ас бөлмесінде қолғабыс болғысы келгендер, асханада көмектеседі. Теледидар көреді. Психолог өзінің түрлі тренингтерін ұйымдастырады. Бірде-бір мереке-мейрам аталмай өтпейді. Әр қариямызға аз да болса, көтеріңкі көңіл күй сыйлауға, үй жағдайын, үйдегі күтімді қалыптастыруға тырысамыз, - деп атап өтті директордың орынбасары Айгүл Қалиханқызы.
Расымен әр қария өзінің жағдайын жаман демеді. Әр бөлмеде теледидар, тоңазытқыш тұр. Төрт уақыт тамақтанудан бөлек, олар өздеріне ас пісіріп ішеді. Дәрігер мамандары кезекпен күзетіп, алғашқы көмектерін көрсетіп отырады.
Мекеме қызметкерлері әр қария алған зейнетақысын жинап, келген бала-немерелеріне ұстатып жіберетінін айтты. Алайда биыл заң өзгеріп, қарттар үйіндегі қариялар тек, ең төменгі күнкөріс деңгейіне сәйкес зейнетақы алып, қалғаны қарияларды асырауға жұмсалатын болады.
Бұл жерде түрлі тағдырды бастан кешірген, түрлі маман иелері жиналған. Олардың айтатын әңгімелері бір. Менің балам...
Неге қарттарымыз қол жаяды?
«Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші адамның өмірі де алма кезең қой. Ақ жаулықты аналарымыздың, ақылы теңіз қарияларымыздың бірі зейнеткерлік күндерін балдай тәтті, қылықты немерелерінің жанында өткізсе, енді біріне мұндай қуаныш жазбаған.
Қала көшелерінде шәлілерін жамылып алған, ақ самайлы әжелердің қайыр тілеп отырғандарын көп көреміз. Оларды мұндай әрекетке не итермелеуі мүмкін. Сірә, жоқшылық болар.
- Колос сауда орталығының алдында отыратын әжей біздің ауладағы үйде тұрады. Біз оның жағдайын жақсы білеміз. Ұлы ішімдікке салынған. Бар тапқан-таянғанын немересінің оқуына, оны киіндіруге жұмсайды. Ал қайыр тілеп шығатын себебі, нанға, шайға ақша қажет етуі керек, - деп түсіндірді қала тұрғыны Ескендір.
Иә, бұл тағы бір мәрте ата-ана өзі киінбесе де, өзі дұрыс тамақтанбаса да, өзі жоқшылықта өмір сүрсе де баласы үшін, немересі үшін бәріне даяр екенін көрсетеді.
Ақерке Рағызбаева
Следующая →

Тақырыптар: