Діни экстремизм – сананы улайды
Әлемнің мазасын кетіріп тұрған терроризм мен діни экстремизм мәселелері қазіргі таңда өзінің шарықтау шегіне жетіп тұр
Жер-жаһанның түкпір-түкпірінде орын алып жатқан жаңалықтарды бақылай отырып, көптеген мемлекеттер өз елінің тыныштығына алаңсыз қарамайтын халге жетті. Өкінішке орай, Отанымыздың да бұл мәселелердің адасқан жұдырығана ілікпей өтпегені соңғы жаңалықтардың назарындағы халыққа аян. Міне, осыған орай елімізде де халықтың діни сауатын ашы жұмыстары қызу жүріп жатыр
Семей қаласында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыстар жалғасын тауып келеді.
- Ислам дінін жамылған экстремизм мемлекет арасынан бүлік шығарып, сол мемлекетті исламға бағындырамыз деген мақсаттары болады. Мұның барлығы шетелден келіп жатқан қауіп. Адам бұған албырт шағында, яғни, 17-18 жас аралығында еліктейді. Олар білгісі, үйренгісі келеді, ал әке-шешелерінде діни сауат болмаса, сондай теріс бағыттағылардың қармағына ілініп кетеді. Қазіргі жастардың білімсіздігін пайдаланып, ғаламтор арқылы соғыс жолында қаза тапқандар тікелей жәннатқа кіреді деген қате сенімдерді бастарына құйып жатады. Ал, жиһадтың тек Отан қорғау деген мағынада емес, білім жолына түс деген де көптеген мағыналары бар, - дейді Семей орталық мешітінің наиб имамы Бекзат Даешов. - Осындай жағдайлармен күрес мақсатында дін басқармасы, ішкі саясат бөлімінің мамандарымен бірлесіп ағартушылық жұмыстар, уағыз насихаттар өткізіп тұрамыз. Кейбір мекемелер діни сауат алу мақсатында өздері де шақырып тұрады.
Семей қаласында дін істері басқармасының бөлімі жоқ. Алайда, қалалық ішкі саясат бөлімінде дін мәселелерімен айналысатын сектор және облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығы бар. Бұл орталықта 2 теолог маманы, психолог қызмет көрсетеді.
- Қалада 21 адамнан құралған ақпараттық-түсіндіру тобы қызмет етеді. Жыл басынан 215 іс-шара өткізіліп, 16 016 адамды қамтыды, - дейді ШҚО Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Алқанова. - Қазіргі уақытта Семей әкімшілік аумағында тұрғындардың рухани қажеттіліктерін 19 мешіт өтейді. Оларда 28 діни қызметкерлер бар. Имамдардың 11-нің жоғары білімі бар. Оның ішінде 10-ы теолог мамандар, 1-еуі зайырлы жоғары білімді. Төртеуі медресе бітіргендер. Қалған 13-і Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жанындағы «Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында» өздерінің білімдерін жетілдіріп, курстан өткендер.
Семей аумағында исламнан өзге православиелік 4, католиктік 2 және 10 протестанттық, барлығы 16 діни бірлестік тіркелген. Әділет органдарында тіркелген бұл ұйымдар өз жарғысы негізінде қызмет етеді.
- Басқарма тарапынан бұл ұйымдардың қызметтеріне қатысты мониторингтер жүргізіліп тұрады. Ішкі қызметіне араласпайды. Жұма, сенбі, жексенбі күндері өтетін уағыздарына басқарма қызметкерлері қатысады, - дейді Жанар Алқанова.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы айтқанда жастар тақырыбы кеңінен қозғалады. Мысалы, көршілес Ресей мемлекетінде студенттердің ИШИМ (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымдарына адам қабылдаумен айналысқандар ұсталып жатты. Сондықтан, дін мәселелері жастар ортасында кеңінен талқыланады.
- Балалар үйлері, «Болашақ Семей» және «Ертіс Семей» қайырымдылық мекемелерінің тәрбиеленушілері де арнайы ақпараттармен қамтылады. Мәдениет үйінде «Адасқанның айыбы жоқ», Абай атындағы театрда «Шырмауық» спектаклдерін қаланың студент және оқушы жастары бұл қойылымдардың негізгі көрермендері болды. Қала мектептерінде «Абай бол – экстремизм» тақырыптарында пікір-сайыс клубтары, исламдық және інжілдік діни экстремистік ұйымдар туралы «Ақиқат жолында», «Матхализм», «Тұзақ», «Соқыр сенім», «Қатерлі жихадизм», «Дін мен дәстүр», «Саентология», «Адасқандар» атты деректі фильмдердің және «Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі» туралы бейнероликтердің ұжымдық көрсетілімі ұйымдастырылып, талдау жүргізіледі, - дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы.
Семей өңірінде діни экстремизмге қарсы бағытталған материалдар «Семей таңы» - «Вести Семей» газеттерінің «Ғылымхал», «Общество и религия» айдарларында шығып тұрады.
Айдос Мырзахметов
Следующая →