Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Педиатрлар қайта қабылдайтын болады

Жыл соңына дейін қазақстандық емханаларда педиатр дәрігерлер балаларды жекелей қабылдауды қайта бастайтын болады

Дүниежүзінде жалпы 14 мыңға жуық ауру түрлері бар екен. Ал ересектермен салыстырғанда кішкентай баланың ағзасы да, психикасы да өзгеше, нәзік. Сол себепті баланы тек арнайы балалар маманы ғана қарай алады. Ал қазіргі таңда педиатрлардың орнына отбасы дәрігерлері енгізілгеніне біршама уақыт болып қалды. Олар ересектерді де, балаларды да қатар қабылдайды. Мамандардың айтуынша, отбасылық дәрігердің жалпы ауру туралы түсінігі болғанымен, нақты біле алмайды. Сонымен қатар, соңғы уақытта елде педиатр мамандарының тапшылығы да сезіле бастаған.

Алайда жақында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жыл соңына дейін педиатрлар балаларды жекелей қабылдауды қайта бастайтындығын мәлімдеген болатын.

- Жалпы, педиатрлық факультеттер жабылған жоқ. Денсаулық сақтау құрылымындағы білім беру бағдарламасына қарайтын болсақ, ол екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі, базалық бөлім, яғни, онда таңдаған мамандығына қарамастан барлығы оқытылады,- деп түсіндірді Тамара Дүйсенова. - Оқытудың екінші бөлімінде студенттер мамандықтар бойынша бөлініп, нақты бағытта білім алады.

Министрдің айтуынша, биыл педиатрия мамандары үшін және магистратура бағытындағы бағдарламалар кеңейтілді. Сондықтан да педиатр факультеттерін жоқ деп айту дұрыс еместігін алға тартқан.

- Бүгінгі таңда облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарында 257 педиатр дәрігерлер бар. Негізі педиатр дәрігерлер тапшылығы жоқ, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Жуасбаева. - Педиатрлар қабылдауы тоқтатылған жоқ. ҚР-да отбасылық принципке негізделген базалық негізі – отбасы дәрігері болып табылады. Жалпы практикалық дәрігер – кең бейінді маман, отбасының барлық мүшелері, соның ішінде балалар денсаулығына қатысты кешенді мәселелерді шешуге қабілетті әмбебап дәрігер.

Айта кетейік, биыл Семей қаласының мемлекеттік медициналық университетінде «педиатрия» мамандығы бойынша 12 жас маман резидентураны аяқтап, облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына жұмысқа орналасқан. Ал бес жылдық интернатурадан кейін педиатрия мамандығы бойынша 36 жас маман оқуларын жалғастыруда.


Назерке Кәрімова

Следующая →