Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Жаңа бағдарлама халықтың денсаулығын жақсарта түспек

2018 жылдан бастап елімізде Ауруларды басқару бағдарламасы енгізіледі

Ауруларды басқару бағдарламасы Қазақстанда 2013 жылы пилотты режимде енгізіле бастаған болатын. Жоба Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жүзеге асырылып, артериалды гипертензия, қант диабетіне шалдыққан, созылмалы жүрек мүкісі бар 1200 науқасты қамтыды.


- Аталмыш бағдарламаның басты мақсаты – сауықтыру, өлім санын азайту және өмір сапасын жақсарту, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқрамасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Жуасбаева. - Бағдарлама шеңберінде дәрігердің барлық ұсынымдары мен тағайындауларын қатаң түрде сақтайтын науқастардың белгілі бір тобын дәрігер іріктеп алады. Науқаспен Ауруларды басқару бағдарламасына қатысу туралы келісімшарт бекітіледі.


Бағдарлама созылмалы жұқпайтын 3 ауру түрі бойынша артериялық гипертония, қант диабеті және жүрек ауруы бойынша жүргізіледі.


Азаматтар дәрігер тағайындаған барлық нұсқауларды сақтауға өз келісімін беріп, қандай да бір ауытқулар орын алған жағдайда өз дәрігерін уақытылы хабардар етсе, бұл бағдарламадан оңды нәтиже күтуге болатындығын алға тартады мамандар.


Яғни, пациенттер медициналық қызметкерлермен бірлесе отырып, өзінің халін қадағалап, құрамына терапевт, профильді дәрігер, мейірбике, психолог, кардиолог, салауатты өмір салты жөніндегі маман кіретін мультидисциплинарлық команда мүшелерімен ұдайы түрде жіті қарым-қатынас орнатып, аурудың меңдеуінің алдын-алуға әрекет ететін болады.


- Науқастар дәрі-дәрмектерді дұрыс пайдаланып, зиянды әдеттерден (алкоголь, майлы және ащы тағамдар мен тұзды азайту) бас тарту керек, - дейді Ғалия ханым. – Бұл шаралар аурудың асқынуын азайтуға мүмкіндік береді.


Қазіргі таңда жоба тағы да елдегі бес аймақта жұмысын бастайды, ал 2018 жылдан бастап Қазақстанның барлық облыстарында іске асырылатын болады.


-Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бастапқы буын мамандары оқуын өткізді. Ауруларды басқару бағдарламасы бойынша 285 дәрігер, 310 орта медицина қызметкерлері оқытылды және кеңестік көмек көрсету үшін аумақтық үйлестіруші тағайындалды, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқрамасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Жуасбаева.


Азамат Нұрболатұлы

Следующая →