Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Демеушілік пен ақша жинаудың аражігі ажыратылды

Облыста білім беру саласындағы орын алып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілер тыйылар емес

Олай деуге білім беру мекемелеріндегі жемқорлықпен күрес бойынша өткен семинар-кеңесте ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұловтың мәліметтері себеп болды.


 Білім беру мекемелерінде ағымдағы жылдың 9 айы ішінде бірнеше жемқорлыққа қатысты қылмыстар орын алған, - деді департамент басшысы. – Мәселен, «ШҚО Білім беру басқармасы Бородулиха колледжінің» директоры Т. Ахметжанов «Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша қарастырылған тегін курстарды аяқтады деген куәлік үшін 30 мың теңге көлемінде пара алып ұсталған. Сонымен қатар, Үржар колледжінің директоры Б. Какибаланов та осы сынды заңсыз әрекеті үшін 20 мың теңге пара алған.


Одан өзге Бородулиха ауданындағы «Солнышко» және «Тополек» балабақшаларының бас есепшісі өзінің және өзге балабақша қызметкерлерінің атына ашылған шотқа ақша аудару арқылы 1 194,3 мың теңгені жымқырған. Ал Ұлан ауданындағы Каменка орта мектебінің директоры Е. Ерсаинова мектепте қызмет етпейтін адамның шотына электршінің төлемі ретінде жалақы аудару арқылы бюджеттен 282,2 мың теңге ұрлаған.


Айта кетейік, семинар барысында мектепте ата-аналардан түрлі мектеп керек-жарақтары үшін ақша жинау заңға қайшы әрекет екені айқын айтылды. Алайда, семинарға қатысушы мектеп директорлары мен қызметкерлері баласының қамын ойлаған ата-аналар мектепке көмек қолын өздері созатындықтарын алға тартады.


- Иә, мектептерде түрлі қажеттіліктер үшін ақша жинау оқиғалары кездесіп жатады, - дейді Өскемен қалалық білім беру бөлімінің басшысы Мәдениет Ахметова. - Оған мектеп жиһазының, техникасының ескіргендігі себеп болып жатады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, көбінесе ақша жинау ниетін ата-аналар өздері білдіріп жатады. Өйткені, олар өз балалары үшін жақсы жағдайды қамтамасыз еткісі келеді. Алайда, ақша жинау мен демеушіліктің аражігін ажыратып алу керек.


Осыған орай, арнайы бейнеролик дайындалып, көрсетілді. Онда демеушілік көмектің ашықтығы мен оған кез келген азаматтың мәжбүрсіз атсалыса алатындығы, барлық қаржының жұмсалу орны көрсетілетіндігі анық айтылған. Бұл роликтер барлық мектептердегі жиналыстарда ата-аналарға да көрсетілетін болады.

- Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап біздің мектепте Қамқорлық кеңесі ашылған, - дейді кеңес төрайымы Татьяна Рзаева. - Мектептің есепшотына кез келген азамат өз еркімен қаржы аудара алады. Тәртіпке сай ол қаржының көлемі жылына 2 АЕК-ден аспауы керек. Кейін осы шотқа жиналған қаражат кеңес мүшелері ақылдаса отырып шешетін мектептің алғашқы керек-жарақтары үшін жұмсалады.


Естеріңізге сала кетейік, мектеп оқушыларынан «сынып қоры», «мектеп қоры», «оқуға» деп ай сайын жиналатын ақшаны беруге ата-аналар міндетті емес. Ал мектепке өз еркімен көмектесемін дейтін ата-аналар демеушілік білдіре алады.


- Бұл күрмеуі қиын мәселе, - деп атап өтті ШҚО Мемлекеттік істер бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Қадошұлы. - Біз білім беру мекемелерінде орын алып отырған заңсыздықтың әрқайсысынан хабардармыз. Бұндай жағдайлар назардан тыс қалмайды. Мектеп басшылары үшін бұл соңғы ескерту. Мектептегі қаржыландырудың аздығы осындай мәселелерге соқтырып отырғандығы түсінікті. Дегенмен, оны демеушілік, меценаттық көмек арқылы шешу жолдарын ғана қарастырып, ата-аналардан міндетті ақша жинауды тоқтату керек.


Назерке Кәрімова

Следующая →