Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Әскердегі әлімжеттік пе, әлде асқынған ауру ма?

Әскер шебіне аттанған сарбаз жансақтау бөліміне түсті. Оны сарбаздар соққыға жықты ма немесе ол ауруының барына қарамастан әскер қатарына өтіп кетті ме?

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылының тұрғыны Жанат Иманберді өзінің Отан алдындағы борышын өтеуге ҚР Ұлттық гвардиясының №5518 әскери бөліміне маусым айында келді. Әскери қызметінің небары 5 айында ол ауруханаға бірнеше рет түседі.

- Алғаш рет ол бізге селкілдек тырыспаның госпитальдық кезеңінде түседі. Екінші рет оны бізге селкілдектікпен ғана әкеледі. Қазіргі уақытта ол сұрақтарға жауап бере алады, барлығын түсініп отыр. Алдағы уақытта да біз оны ми ісігін басатын дәрілермен емдеп, неврологиялық бөлімшеге ауыстырамыз, - деді Өскемен қалалық №1 ауруханасындағы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Александра Нарейко.

Сонымен қатар Александра Нарейко эпилепсия диагнозы бұрыннан болса, оны әскер қатарына қалай алғанын түсінбей отыр. Дегенмен, ақ халаттылар бұл ауру зақым және күйзелуден пайда болуы мүмкін екенін айтуда.

Жанат Иманбердінің туғандары оны бұрыннан қызмет етіп келген сарбаздар соққығы жықты деп отыр.

- Ол бізде ешқашан ауырған емес. Әскерге өз еркімен барды. Мектепте жақсы оқитын. Еске сақтау қабілеті де жақсы болды. Бізге әскери бөлімнен емес, ауруханадан қоңырау келіп, Жанатта эпилепсия екенін хабарлады. Біз өз-өзімізге ұзақ уақыт келе алмай жүрдік, - дейді сарбаздың апайы Бақытгүл Жұмақанова. – Ол ауру қалай пайда болды? Бұл әскери бөлімде не болып жатыр? Біз ауруханаға келген кезде оның талмасы дәлізде орын алды. Оны қайта жансақтау бөліміне әкетті. Ол бізді тіпті танымайды.

Сарбаздың ағасы болса әскерде заңсыз әрекеттер орын алғанына сенімді.

- Біз онымен сөйлесе бастағанда ол әскерде әлімжеттік болып, оны бірнеше рет соққыға жыққандығын мойындады. 10-ы күні кинотеатрда отырғанда оны бір рет соққан, одан шыққан соң да соққан. 17-і күні полигоннан келгеннен кейін басынан жуан таяқпен 3 рет ұрған. Ал бүгін ол бізді танымай да отыр, сөздерді де ұқпайды. Бізге оны басынан сипаған дейді. Адамда эпилепсия басталатындай оның басын қалай, қанша рет сипау керек?, - дейді Сәкен Ғабдуллин.

ҚР Ұлттық гвардиясының №5518 әскери бөлімінің тәрбие және құқықтық жұмыс жөніндегі командир орынбасары Айтжан Мухамедияр істі әсери полиция қолға алғанын хабарлап отыр. Ал сарбаз айтып отырған әлімжеттік нұсқасы тексерілуде.

- Жанат Иманбердіні бірнеше рет ауруханаларға, психоневрологиялық диспансерге де әкеткен. Ол №1 қалалық ауруханасында түрлі тексерулерден өтті. 26 қазан күні ол заңбұзушылық туралы әскери полицияға шағымданды. Қазіргі уақытта тергеу алды амалдары жүргізілуде. Мұндай заңсыз әрекеттер бойынша ертерек шақыртылған 3

күдікті әскери қызметкермен әскери полиция айналысуда, - деп атап өтті Айтжан Мухамедияр.

Әскери полиция тергеу амалдарын өткізіп жатқан кезде, дәрігерлер Жанаттың әскер қатарындағы қызметін жалғастыра ма, жоқ па деген жағдайды қарастырып отыр. Бірақ соңғы шешім сот үкіміне сәйкес шығарылады.

Следующая →