Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Дәстүрлі әнге әкемнің нұсқауымен келдім...

Қазақтың дәстүрлі әндерінің дәмі кетпес сірә. Ертеде сал-серілердің соңына ергендерден, небір ақындар мен ойшылдар шықса, бүгінгі жастар бұл өнерді оқу орнында білім ала жүріп бойына сіңіреді. Халқымыздың дәстүрлі әндеріне бала күнінен бері сусындап жүрген жастардың бірі Алпыс Жақиянов

- Қазіргі жастарға үңілсек, қазақы дәстүр мен өнер салаларынан алыстап бара жатқан сыңай бар... Бұл жолды таңдауыңа не түрткі болды?

- Дәстүрлі әнге қолыма қазақтың киелі домбырасын алған күннен келдім деуге болады. Әкем Серікқан Жақиянов - айтыскер ақын. Сол кісінің нұсқауымен бала күнімнен бері домбыраға қатысып жүрдім. Осылайша кішігірім сайыстарға, оның ішінде аудандық жарыстарда да бағымды сынай жүрдім. Он жасымда Астана қаласында 4-ші Халықаралық «Ақ көгершін» фестивалінде дәстүрлі ән орындап бас жүлдесін алдым. Міне сол кездері, осы өнер саласы белгілі болған шығар... Әрине, халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесіне ең алғаш келгенімде дәстүрлі әндерді орындайтын студенттердің аздығын байқадым. Қазақтың қанына сіңген өнері болған соң Біржан сал, Ақан серілердің жолдарын жалғап та келдім. Қазір бұл училищеде 4 бала осы салада білім алуда.

- Әкең айтыскер ақын Серікқан Жақиянов дедің... Ол кісінің жолын қуып айтыс өнерінде бақ сынап көрген жоқсың ба?

- Әкем 80-90-шы жылдары айтысқа жиі шығып тұрды. Тек 2000 жылдан кейін ғана денсаулығына байланысты, яғни, қан қысымы қалыпты болмағандықтан сахнаға шығуын тоқтатты. Дегенмен, айтыс өнерінен әлі де қол үзбейді. Кейде үйде бірге айтысып та аламыз. Оның өзі де маған үлкен сабақ. Әр кез сайын асар белесімнің әлі көптігіне көз жеткізе беремін. Бала күнімнен 4-сыныптарда айтысқа шыға бастадым. Әрине, ол кезде мектеп шеңберінен аса қатты аспадым. Қазір музыкалық салада оқуда жүргендіктен айтыспен оқуды ұштастыру қиынға соғады. Оған арнайы дайындық, білім керек. Уақытты да талап етеді.

- Өнердің қай саласы болмасын, оның дәмін татқан адамдар да «сегіз қырлы бір сырлы» келеді ғой. Қазіргі білімің тек дәстүрлі әндермен шектелмейтін шығар.

- «Ақ көгершін» фестивалінен кейін араға бір жыл салып Алматы қаласында республикалық «Асыл мұра» конкурсында дәстүрлі ән орындап бас жүлдеге ие болдым. Сонымен қатар бұл конкурста эстрадалық вокалға қосымша түрде қатыстым. Кейін эстрадалық вокалдан халықаралық «Ғұмыр дария» конкурсында екінші орынға ие бола алдым. Алдыңғы жылдары республикалық «Текті сөздің төресі – терме» жыршы-термешілер байқауында екі жыл қатарынан бақ сынап көрдім. Бұл байқаудың шарты бойынша ел естімеген жаңа термелерді орындау керек. Бірінші

қатысқанымда Тарбағатай ауданының тумасы Хамит Балшабеков ағамыздың «Т» әрпінен ғана тұратын термесін орындадым. Дәстүрлі әннің майын тамызып, сорпасына құнығып жүрген өнер майталмандарының арасында ең жас қатысушы болдым. Соған лайықты дипломмен марапатталдым. Былтыр Алматыда өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына «Батыр бабалар тарихы» атты термемді алып бардым.

- Термеге де қалам сілтепсің. Ауыр болған жоқ па?

- Оңай дүние болмайды. Айтыс өнерінен хабарым болғандықтан ба, аса қатты қиналдым дей алмаймын. Дегенмен, көп білімді, шығармашылықты қажет ететінін мойындау керек.

- Әннің халыққа жететін жері той ғой. Біреу атақ іздеп, біреу қаражат іздеп шығады. Тойда өнер көрсетесің бе, жалпы оған көзқарасың қандай?

- Шама шырқымыз келгенше шығып тұрамыз. Бұрын соңғы шыққан әндерге сұраныс көп болатын. Заманауи әндерде фонограммалар қолданылатындықтан ба, соңғы жылдары дәстүрлі әндерге де сұраныс арта бастады. Оның өз ерекшелігі бар ғой, қайткенмен жанды дауыспен орындалады. Оның бағасын да ел өзі береді.

- Заманына адамы демекші, қазіргі жастар дәстүрлі әндерге қаншалықты қызығушылық тудырады?

- Дәстүрлі ән дегенде көз алдымызға шапан киіп домбырамен ән айтып тұру деп елестететіндер де бар. Жуықта Металлургтер мәдениет үйінде қойған концертке қазіргі заман әндерімен бірге ұлттық киім киіп, смокингпен домбырада өнер көрсеткендер де болды. Бұл концертке жастардың көп келгенін ескере кету керек. Ағымдағы жылы көктемде аудандарға да барып өнер көрсеттік. Ол кездері де көрермендердің арасынан көптеген жастар байқалды. Сондықтан тойда да, сахнада да жастардың дәстүрлі әнге деген қызығушылығы артып келеді дей аламын.

- Әңгімеңізге рахмет!

Айдос Мырзахметов

Следующая →
Тақырыптар: Дәстүрлі әндер