Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Трамвайға соғылған жүргізушінің машақаты

24 қараша күні «Адэм» сауда үйі маңында жеңіл автокөлік пен трамвай соғылып, үлкен апат орын алды

Оқыс оқиға таңертеңгі уақытта Тәуелсіздік даңғылы бойында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, 7.30 шамасында ММҮ жағынан қозғалып келе жатқан шетелдік маркалы автокөлік тайғанақ жолда трамвайға соғылған, кейін рельске шығып кетіп, трамвай вагоны мен бағана арасында қысылып қалған. Абырой болғанда, апат кезінде көлік салонында жүргізуші жалғыз болған және ауыр жарақат алмаған. Құтқарушылар жүргізушіні жарым сағаттан кейін алып шыққан.

Көліктің апаттан кейінгі қалыбын көріп, адамның аман қалғанына қайран қаласың. Көлік жүргізушісі Сергей Костенконың айтуынша, сол сәтте ғана баласын балабақшаға апарып, шығып келе жатқан көрінеді.

- Мен даңғыл бойымен ММҮ жақтан келе жатқанмын. «Валентина» СҮ маңындағы бұрылыста трамвайға жол бердім. Бірақ оған дейін алдымыздан жол полициясының көлігі өтіп кетті, - дейді соғылған «Тойота» көлігінің жүргізушісі Сергей Костенко. – Полиция көлігі «Водолей» автожуу орнына тоқтағанын байқап, сол жағынан айналып өтпек болып, сорапқа (колея) тап болдым. Сорап көліктің астына тиіп, көлікті бағана жаққа қарай лақтырды. Осылайша көлік трамвайға соғылды.

Сергейдің айтуы бойынша апаттан кейін оны бірден ауруханаға алып кеткен. Ары қарай Өскемен қалалық ішкі істер бөліміне алып келіп, оқытпастан ЖКО туралы хаттамаға қол қойдырған.

- Басым қатты ауырып, ойланатын жағдайым болмағандықтан, хаттамаға қол қойдым, - дейді Сергей Костенко. – Мені ертіп барған полиция қызметкерлері апат болған орындағы сораптың (колея) биіктігі 12 см-дей екендігін айтқан. Ал хаттамада жол жағдайына қатысты ештеңе жазылмаған.

Ауыр апаттан аман қалған Сергей өзіне оқиға орнында түсірілген бірнеше видео келгенін және барлығында да сораптың бар екені айқын көрінетіндігін алға тартады. Алайда, коммуналдық қызметкерлер жолдың таза болғанын айтады.

- Оқиға орнына өзім барып көрдім. Жолдарды МАИ қызметкерлерімен бірге қарап шықтым, - дейді қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықов. - Апат орын алған жерде ешқандай сорап болған жоқ. Алайда, тайғанақ болғаны анық. Өйткені өздеріңіз білетіндей, екі рет жаңбыр жауып, артынан суытып, жолдарда мұз қабыршығы пайда болды. Дегенмен, аяздың беті қайтып, техника қарқынды жұмыс жасап жатыр. Оқиға орын алар күннің алдыңғы түнінде ғана ол жер тазартылып, құм төгілген.

Айта кетейік, апаттан трамвайдың байланыс жүйесіне зақым келген. Трамвай паркіндегілердің айтуынша, қазіргі таңда мамандар зақымданған бағана мен трамвай вагонының жағдайын бағалауда.

Енді егер жолда сорап болмағандығы дәлелденсе, айып жүргізушінің өзіне тағылайын деп тұрғаны анық. Көрер жарығы таусылмаса да, басы бәлеге қала ма деп налыған Сергей сотта коммуналдық қызметкерлердің кінәсін дәлелдемек ниетте. Ол үшін қала тұрғындарының көмегін сұрап, қол жинауға кіріскен.


 Назерке Кәрімова
Следующая →